Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Уляева в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Тәрбие шарасының тақырыбы:

« Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер...»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

Ақпараттық құзыреттілігі: Оқушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру. Оқушыларға экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде  және  діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.

Коммуникативтік құзыреттілігі:  Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, құрметтей білуге үйрету. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Проблемалық шешімін табу құзыреттілігі: Жастарды алдына мақсат қоя білуге , сын сәттерде шешімін таба білуге, азаматтық ұстанымын жоғары бағалай білуге, қорғай білуге үйрету. Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері , оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын жүргізу.Оқушылардың бұған дейінгі білімдерін кеңейту ,тақырыпты өз бетінше меңгеру, сыни ойлай отырып , өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
 

Тәрбие шарасының түрі:

Топтық жұмыс. Диалог

         Әдісі:

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан  тарихы,  дүниежүзі тарихы,  зайырлылық және дінтану негіздері,  қазақ әдебиеті

Көрнекі құралдар:

Интерактивті тақта, нақыл сөздер, үнтаспа, құран және «Ислам тағылымдары» кітаптар, теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер.

Күтілетін нәтиже

 Оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, құрметтей білуге үйренеді. Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға ұмтылады.

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу.Топқа бөлу

Түсі бірдей қағаздарды алып келесі жағын оқып топтарын тауап орналасады.

Жұмыс түрлері

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

II. Миға шабуыл

« Адасқанның ақыры»  бейне көрністі көрсетіп

Бұл роликтен не көрдіңіздер?

Неліктен осындай теріс жолға барды?

Кім кінәлі?

Теріс ағымдардан қалай сақтануға болады?

Қоғамды  теріс ағымдардан қалай тазалауға болады? Деген сұрақтарды қоя отырып, тәрбие шарасының мазмұнын және тақырыбын ашамыз.

 Оқушылар видеороликтен экстремистік, террорлық әрекеттерді, жарылыс, мешіттерді қиратушылар туралы, имам мен мәсхабты мойындамаушылар , қазақ халқының салт -дәстүрін , әдет- ғұрпына қарсы шығушылар туралы көргендерін айттып, бүгінгі тәрбие шарасының тақырыбы  экстремизм мен терроризм жайлы екендігін айтады.

         

III.  ЖИГСО  әдісі бойынша тақырыпты қорғау

Ой қозғау

  «Тарихшылар» «Дінтанушылар»

« Саясаткерлер» деп 3 топтың аттарын таныстырып болған соң, әр топ тақырыптарды бөліп алып постер қорғайды.

топ: «Тарихшылар» Экстремизм, терроризм сөздері жаңа атаулар ма? Тарихына тоқталсаңдар?Діннің экстремизм, терроризммен қаншалықты байланысы бар екенін анықтасаңыздар

 топ: «Дінтанушылар» Экстремизм, терроризм терминдерінің мәні. Қазіргі кездегі қандай қауіпті діни ағымдар туралы білесіздер, олар туралы ойларыңыз? Экстремизмнің шығу мен таралу жолдарын, әлеуметтік негізін, анықтау.Бұлардың әлеуметтік негізін кімдер құруда.

топ: « Саясаткерлер» Елімізде терроризмге қарсы күрес жүріп жатыр, біз бұл қиындықты да жеңетінімізге сенеміз.Ол үшін біз қандай әрекеттер жасауымыз керек деген сұрақтарға біздің саясаткерлеріміз жауап берсе. Қазақстан Республикасының экстремизмнің алдын алу бағытындағы заңдарына шолу. Елбасының осы бағытта айтқан пікірлері туралы ойларыңыз?

Түсі бірдей қағаздарды алып келесі жағын оқып топтарын тауап орналасады.

Әр топ өздеріне алған тапсырмалары бойынша ақылдасып, ортақ пікірлерін постерге түсіреді. Топ жұмысын орындап болған соң көшбасшылар тақырып бойынша берілген сұрақтарды қамтып жауап береді.

ІV.Тренингтер өткізу

 «Санаға сапар»

« Құпия жәшік»

« Басында бәрі жақсы..»
 

1.Иландыруға арналған тест жүргізу «Санаға сапар» әдісі, Сырты жылтыр, көздің жауын алатын қорап таңдап алынады. Оның ішіне әдемі зат (сырға немесе сақина) салынады. Оқушыларға көрсетіледі.

- Менің қолымдағы өте әдемі қорап. Оның ішінде әдемі зат салынған. Кім көргісі келсе, шығып қарауларыңа болады, — деп оқушыларды қызықтырады. Қызығушылығы жоғары оқушылар тақтаға шығып, қорапта не салынғандығын қарайды.

-Ал енді, оқушылар, қандай адамдар сектаның құрамына кіреді?

-Қызығушылығы жоғары.
 

2. Екі оқушы тақтаға шығады. Оларға көрсетпей екі қағаз беріледі. Бірінші оқушыға қыс тақырыбына , екінші оқушыға жаз тақырыбына әңгіме құрастыр деп тапсырма беріледі. Бірінші қағазда «Мені мұқият тыңдаңдар!», екінші қағазда «Маған қарамаңдар, көңіл аудармаңдар!» деген сөздер жазылып тұрады. Оқушылар бұл сөздерді оқып, қағазда жазылғанды орындайды.  Екі оқушының ойы  сұралады.  Мақсаты: «мені мұқият тыңдаңдар!» деген сөзді ұстаған оқушыға сөйлеу оңай. Ал екінші оқушы керісінше.

-3. Оқушылар, махаббат деген не? Оқушылар бірін-бірі қайталамай стикерге бір ғана сөз жазып, жүрекшеге жабыстырады.

-Бұл махаббаттың қандай жағы? Сонымен қатар махаббат қандай болады?

Тесттің нәтижесі: Оқушыларға сұрақ:

Қандай адамдар сектаға енуі мүмкін?

·         Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;

·         Өзінің зақымдалған мендігін   қорғауға   ашулы  дайындық  және  өзін-өзі  төмен  бағалау;
ответил от Уляева
0 голосов
·         Әлеуметтік әділетсіздікті уайымдай  отырып, өзінің өмірлік  сәтсіздіктерін жақындарынан  және жалпы қоғамнан көру;

 Сонда қандай адам сектаға кіруі мүмкін?

Тыңдалмаған адамдар, қасында сөйлесетін досы жоқ адамдар

Оқушылар «махаббат» сөзінің жақсы , жаман тұстарын айтады.  Нәтижесі:сектаға кірейін деп жатырған адамға тек жақсы жақтары айтылады. Ал 1 ай өткеннен кейін жағымсыз тұстары ашылады.

V. « Имандылық иірімдері»

« Бәріміз бір атаның баласымыз

Жігіттер бір-біріңе қарасыңыз

Өмір деген бес күндік кетер өтіп

Атаң барған орынға барасыңыз

Иманды ер құдайынан ұялады

Ұялып иесінен сый алады

Ренжітпе пенде болсаң бейшараны

Кәріп көңілі сынғақ бір пияла-ды»      Ы. Алтынсарин

«Иман-қой, ақыл-қойшы, нәпсі-бөрі

Бөріге қой алдырмас ердің ері

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса

Жоламас ешбір пәле шайтан-пері

Жарлығы екі болмас Хақ құдайым

Жанында серігі жоқ Хақ құдайым

Жанымда алсаң, құдая, иманмен ал

Шайтанның қазасынан қақ, құдайым»    Шал ақын

« Бұл күнде тіл сөйлемес, ақша –шешен

Жүгірем бай жұмсаса, не мен, не  сен

Дүниеге дінін сатқан адамдардан

Алыс жүр, бой суытып аман-есен!

Түзелер қашан жұрт боп мына қазақ

Қылмаған кім бар дейсің бізді мазақ

Кешегі сұм дәуірде тұншығумен

Өлуге, өлмесек те, қалдық аз-ақ!»        Мәшһүр Жүсіп

Оқушылар оқылған өлең жолдарының авторларын табады (үйге « Он ғасыр жырлайды» әдебиетімен танысып келу тапсырылған)  және өлеңнін мағнасын ашады.

Мұғалімнің сөзі

Соңғы кезде елімізде секталардың арбауына түсіп, отбасынан айырылып, өмірмен ерте қоштасып жатқан жандар саны күрт өсуде. Қазақстандағы аталмыш ағымдардың дәстүрлі емес болып аталатын себебі, олардың мемлекет аумағында пайда болғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ және оларда дәстүрлі конфессияларға тән емес белгілер жеткілікті. Ендеше, оқушылар, біздің дінімізге жат, оғаш қылықтардан аулақ болайық. Қазақта «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген аталы сөз бар. «Сен мұсылман емессің, мұсылман болсаң дәлелде. Намаз оқы, мойны ашық киім киме. Қыздарға тырнақ өсірме, ерніңе далап жақпа, жүзіңді ашық ұстама. Ер балаларға таспиық сана, шалбарыңды шұлғауыңа ора» - деп ақыл айтатындардан алыс жүрейік.  Өз дінімізді биіктетіп, өзге діннің жетегіне еруіміз әркімнің өз жігеріне, ақыл – санасына, адамгершілігіне байланысты.  «Барар жеріңе тез жету үшін біреуді басып озу қажет емес, ең бастысы –дұрыс жолды таңдай білу»  деген шығыс мақалын есте ұстайық! Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деген ұлағатты сөзін еске алсақ қоғамдағы келеңсіздіктердің алдын-алуға бәрімізде атсалысуымыз қажет.

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жолы осы деп әділетті   - деген ұл ы Абайдың өлеңімен бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.

Назарларыңызға рахмет!!!
ответил от Уляева

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов