Сабақтың тақырыбы: Балықтардың құрылысы және тіршілік әрекеті.
Сабақтың мақсаты: Балықтардың сыртқы және ішкі ортасымен, олардың сулы ортада тіршілік етуіне байланысты биологиялық ерекшеліктері, сыртқы құрылыс ерекшеліктеріне қарап, шеміршекті және сүйекті балықтарды бірінен-бірін топтық жүйесіне сүйене отырып балықтарды ажырата білу білімдерін тексеру;
ә) Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін ой – өрісін дамыту.
б) Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
д) оқушылардың алған білімдерін жинақтау және қолдана білуі
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: хабарлау,сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, көрнекілік, әңгімелеу т.б.
Сабақтың көрнекілігі: презентациясы, микроскоп, микропрепарат, сазан балығы, сазанның сыртқы және ішкі құрылысы.
Сабақтың барысы:
Омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең көп тараған түрі – балықтар. Балықтар әлемі өте бай да сан алуан.Олар мұхит,теңіз, бұлақ, су қоймалары, тіпті үңгірлерде, артезиан құдықтары мен ыстық қайнар суларында да тіршілік етеді. Балықтар түрінің шамамен төрттен үші теңіз суларын мекендейді.
Балықтар тек қана жүзе біліп, жүре алмайды екен деуге болмайды. Мәселен,жыланбалық сусыз бірнеше тәулікке шыдап, кейде жағаға жорғалап шығады және егіндіктен сұлы мен бұршақты да теріп жейді. Олардың құрғақшылық арқылы бір судан екінші суға көшетін кездері де жиі ұшырайды. Ал,Африка суларында мекендейтін протоптера балығы құрғақ салындағы оралып 3-4 жылға дейін жаиып қалады.
Балықтар суда тіршілік еткенімен,олардың іс-әрекеттері әр түрлі. Табиғатта балықтардың небір таңғажайып пішіндерін кездестіруге болады. Бірі шар тәрізді домалақ болса, енді бірі оқтауға ұқсас жұмыр, тағы бірі белбеу тәріздес жіңішке де ұзын, кейбірі жапыраққа ұқсаса, тағы бірі жалбыр-жалбыр жыртық-жамаулы шүберек сияқты, тіпті жайма нан тәріздес қабыса біткен, сыртқы пішіні,бояуы бір-біріне ұқсамайтын балықтар бар.
1-тапсырма Балықтардың сыртқы пішінінің алуан түрлілігі (2-слайд) 3-слайдтағы кестені толтырыңыздар. (тапсырманын жауабы 4- слайдта бағалаудын өзін-өзі тексеру түрінде өткеріледі)
2-тапсырма. (5слайд) Слайдтағы сурет бойынша оқушылар балық қанқасы бойынша білімдерін түйіндейді және 6-слайд бойынша өз жұмыстарын тексереді
3-тапсырма. (7-8 слайдтар) Балықтардың ас қорыту жүйесі бойынша оқушылар топпен кластер құрастырып және оны жақтайды.
4-тапсырма. (9-слайд) Балықтардың қан айналым жүйесі бойынша оқушылар топпен кластер құрастырып және оны жақтайды.
5-тапсырма. (10слайд) Балықтардың тыныс алу жүйесі бойынша оқушылар жеке өздеріне (11-слайд)та берілген парақтағы кестені толтырады және оны нәтижесін өздері келесі (12 слайд)бойынша тексереді немесе бір-бірінің жұмыс тексеруді сұраймын.
6-тапсырма. (13слайд) Балықтардың жүйеке жүйесі бойынша оқушылар топпен кластер құрастырып және оны жақтайды
7-тапсырма.(14-15 слайдтар) (Балықтардың жүйелік топтары бойынша оқушылар топпен кластер құрастырып және оны жақтайды.