Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ырымдар мен тыйымдардың тәрбиелік мәні
спросил от Durus surak в категории Казахские традиции

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Ырымдар мен тыйымдардың тәрбиелік мәні

    Қазақ халқының тәрбиесінде тыйым сөздердің алар орны ерекше. Тыйым сөздер тәрбиенің бал бұлағы. Қазақта тыйым сөздер өте көп. Алдыңа ас келгенде тәубе айтып жеу, нанды, қасықты оң  қолыңмен ұстау, асты шашпай жеу, қалай болса солай аузыңа салмай, асықпай шайнап жеу секілді ас ішудің де өзінің керемет тәртібі бар. Осындай ұсақ – түйек тыйымның өзі ертеңгі күнгі үлкен тәрбиенің қайнар бұлағы екенін ұғына білуіміз керек. Аяқ киіміңді кигенде оң аяғыңнан бастап кию, тәубе айтып жүру, осының бәрі – үлкен тәрбие. Осындай адамның рухани дүниесін байытатын көп нәрсені жоғалтып алғандаймыз. Қазір біздің баламызды әкесі мен шешесі тәрбиелеп жатқан жоқ, компьютер мен теледидар тәрбиелеп жатыр. Қай – қайдағы сұмдықтарды көрсеткенде, қарауға адам ұялады. Осындай келеңсіздікке жол беру арқылы, ұрпақтың санасын улап, келешегінің кемел болуына кедергі жасаймыз.
    Орта Азияның қоңыр үйегін мекендеп келе жатқан қоңыр мінезді қазақ халқының табиғаты басқа халықтарға қарағанда өзінің ерекшелігін байқатады. Тұрмыс – салтымызда ырым мен тыйымға айрықша мән беретін елміз. Мысалы, жас балаға бұғана ұстатпайды. Онда баланың бойы өспей қалады деп жорыған. Егер әйел қыз туа берсе, баланың жолдасын босанған әйелдің басынан үш рет айналдырса, ұл туады деп ырымдайды. Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жататын бір ырым бар. Қазір мұны кім жасайды дейсің? Жүкті әйел шашын кессе, іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі. Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды. Бала бас ұстамайды, егер бас ұстаса, әкесі өліп қалады деп тыйым салған. Омыртқаның жұлынын жесе, суға кетіп қалады деген ырым бар. Жіліктің майын жесе, мұрнынан боғы ағып жүреді дейді. Сәби басын төмен салып еңкейіп, екі аяғының астынан қараса, қонақ келеді дейді. Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын «несібесі кетеді», «аңшылықта жолы болмайды» деп, ешкімге байлатпайды. Қыздың басына ақ, ұара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Бесікті бейуақытта далаға шығармайды. Нәрестенің еңбегін баспайды. Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді. Себебі, баласын түйе сияқтыкөп уақыт көтеріп, мезгілінде босанбайды деген ырым бар.
    «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дейді. Кей ырымдардың беретін тағылымдық мәні бар. Кейде діни тұрғыдан алғанда көбісі кереғар келіп жатады. Қазақ халқы сан ғасырлар өтсе де, түрлі ырымдарды әлі күнге дейін ұстанып келеді. Бұған ешкім шек қоя алмасы анық. Мысалы, жылан үйге кіріп кеткен жағдайда оған ағарған құйып шығару ежелден келе жатқан ырым десек те болады. Ағарған құйып жыланды кері қайтару арқылы оның келмеуін тілейді. Бұдан біздің түйгеніміз, мінезі қойдан жуас келетін қазақ халқының зиян тигізетін жәндік пен жануарына да еш залалын тигізбей шығарып жіберуінің өзінде үлкен тәрбиенің бастауы жатыр.
    Адам есінегенде аузын міндетті түрде қолымен жабуы керек. Сол қолдың сыртымен, оң алақанның ішкі бөлігімен жапса да болады. Тырнақты тістемейді. Қолды ауызға салмайды. Үйге кіргенде босағаны кермейді. Төгілген күлді баспайды. Ағын суға дәрет сындыруға, түкіруге болмайды.
    Қазақ халқында жер бауырлап жатып жылау – жаман ырым. Түбі жақсылық емес деп түсінеді. Балаға түкірту ырымының мәні зор. Бала енді – енді тілі шығып, ойын баласына айналып келе жатқанда жасалатын ырым. Мұны жасау кез келгенге бұйыра бермейді. Абыройы асқан, ауылдың көпті көрген кісісіне «сендей болсын, елге сыйлы, халқының қамын жейтін азамат болсын» деп баланы түкіртіп алатын болған. Көбіне қолөнер шебері, дәулескер күйші, дарынды әнші, болмаса көп жасаған абыз қарияларымызға түкіртетін болған. Бұл ырым әлі күнге дейін қазақ салтында қолданылып келеді.
    Бүгінгі ұрпақ ұмыта бастаған ырымдар қазақта мыңдап саналады. Мысалы, «жолдық» деген сөз бар. Бұл – жолға шыққан адамға берілетін зат. Ол зат ат, түйе, мал, асыл зат, ақша болуы да мүмкін. «Тоқымқағар» дейтін салт болған. Тұңғыш рет жолға шыққан адамның үйінде қалған туыстары, көрші – қолаң жиылып шәй береді. Мал сояды. Шағын бір тойсымақ  өткізеді. Жолаушыға ақ жол тілеседі. Үй төңірегіне келіп сауысқан шықылықтаса алыс – жақыннан хабар келеді деп ырымдайды. Күшік күйеу деген бар қазақта, қайын жұртқа сіңген күйеуді, қайын жұртқа еңбегі өткен күйеуді, құл сияқты еңбек ететін, қадірсізденген күйеуді айтады. Бала үйге кіре беріп жығылса, олжа келді дейді. Кесеге құйылған шәйдің ішіндегі самба тік тұрса, үйге қонақ келеді дейді. «Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонса, қойға қасқыр шабады» дейді біздің қазақ. Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, тыныштық болады деп ырымдайды. Шаңырақтан шыққан түтіннің түзу шыққанының өзін жақсылыққа балаған.
    Ырымдардың кейбіріне тоқталсақ, жасында нәжісін жеген бала өскенде жоқты тапқыш болады; көмекей жеген бала ұрысқақ болады; асыранды балаға асықты жілік ұстатады; мойнына бұршақ салып әулие, әруаққа жалынса, баласыз адамның тілегі қабыл болады; үйінің төбесіне қарлығаш ұя салған адамның дәулеті артады; үйіне дәуіт кірсе – құт, береке әкеледі; соғымға сойылған малдың жілігі майлы болса, сол жылы елде жоқшылық болады; бүлінген жерден бүлдіргі алмайды; ат жерді тарпыса, жолға шығады; ақты төксе, сауын малдың сүті қашады; жақын туысқа ит сыйласа, иттей ырылдасып қалады; қыз кәрі жілік жесе, күйеуге шықпай отырып қалады; қарға қонып қарқылдаса, отбасында қуаныш болады; сауысқан шықылықтаса, үйге қонақ келеді; қолды артқа қусыруға болмайды; екі қолмен бүйірді таянуға болмайды. Иттің  ұлығанын жек көреді біздің қазақ. «Өз басына көрінсін» деп жатады. Иттің аунағанын да «мал өледі», «терісі жайылады» деп жамандыққа балайды.
    Ырым мен тыйым дүниежүзі халықтарының бәрінде бар. Бұлардың ұқсастығы – екеуінің де тәрбиелік мәнге құрылғандығында. Кейде біз     «өте ырымшыл, діншіл екен» деп жатамыз. Діншілдік – ырымшылдық емес. Ырым – тәрбие. Тыйым – салтымызбен сабақтасқан шарт.
    Халқымыз Ай мен Күнді және жұлдыздарды ерекше құрмет тұтқан. Тіпті, оларды қолын шошайтып көрсетпеген де. Әсіресе, жаңа туған айды көру қазақ үшін бір ғанибет. Айды өздері кие санаған. Жаңа айға қарап тұрып: «Ей, Тәңірім, жаңа айдай жарылқа, ескі айдай есірке. Еліме тыныштық, отбасыма амандық бер», деп бетін сипаған.
    Аспанда қанша жұлдыздар жамырап тұрса да, оларды саусақпен санап көрсетпеген. Тек көзімен ғана санаған. Бұл да жұлдызға деген құрметі болуы керек.
ответил от Durus surak
0 голосов
Аталарымыз «отқа су құйма», «суға түкірме», «күлді баспа», «жолды шаңқытпа», «жол жиегіне дәрет сындырма» деп, басқа да әдепсіз әрекеттерден сақтандырып отырған. Бір жағынан қарасаң, осының бәрі – дұрыс. Бұл – ибалықтың, мәдениеттің бір көрінісі. От пен су – тіршіліктің көзі. Ал тіршіліксіз өмір болмайтыны белгілі. Сондықтан да бабаларымыз өрескел қылықтардан ұрпағын тыйып отырған.
    Ант су ішпе; күн батар уақытта ұйықтама; түнде түс жорыма, жорытпа; аяғыңды тұсама; бойыңды өлшеме; құр ерге мінбе; жаяу қамшыланба; қараңғыда суға барма; түнде киіз, алаша қақпа; адам басын санама; жалғыз ағашты кеспе; сыпырғышты тік қойма; ит пен итаяқты теппе; итке ожаумен, қазанмен ас құйма; езуіңді керме; жақыныңа, туысыңа пышақ, үшкір нәрсе сыйлама; бесік бетін ашық тастама; аяқ киімді төрге қойма; оң жақтағы қыз төсегін баспа; кісінің үстінен аттама; кемтар адамға күлме; ертеңгі асты тастама; кешкі асқа қарама; қазанды төңкерме деген секілді басқа да көптеген тыйым сөздеріміз бар. Күнделікті айтып, жаңғыртып отырсақ, бұдан өткен тәрбие жоқ.
    Салтымызда жаңа түскен келінге отқа май құйғызады. Оттың алауымен аластайды. Бұл жай ғана үрдіс емес, тіршілікті сыйлаудың, отбасын, шаңырақты сыйлаудың тамаша үлгісі. Мысалы, бұрынғы қазақ отбасыларында майшам болатын. Ұйқыға кетер кезде майшамның отын үрлеп өшірткізбейтін. Білігін басып, сөндіртетін. Бұл да әдептілік. Әрі отты өшіру жақсы ырым емес. Өз отыңды өзің өшіргенмен бірдей. «Отың өшпесін», «шырағың сөнбесін» деп халқымыз бекер айтпаған. Қазіргі кезде осы тыйымдар жоқ. Қазір кейбір үйлену тойларында жаңа түскен келінге үлкен торт әкеліп береді. Торттың жиегіне жағалай шырақ қойылған, сол шырақтарды келін үрлеп өшіреді. Бұл қайдан шыққан ырым? Адам өз отын өзі өшіре ме? Әрине бұл көрініс Еуропадан келген әдет. Тұрмыс – тіршілігімізге байланысты кейбір тыйымдар есімде қалыпты. «Малға теріс қарап мінбе», «киімді теріс киме» деген сөздерді жиі еститінбіз. Бұл да – жаман ырым. Ертеде біреуге тілі тиген немесе қолы тиген, сөйтіп, халықтың наласына қалған адамдарды жазалағанда атқа теріс мінгізіп, елдің ішін аралататын болған. Оны көрген, қылмысын естіген көпшілік ол адамның бетіне түкіріп, артынан топырақ шашып, масқаралаған. Ондай адамдардың кейбірі ұяттан өліп те кеткен. Өлмей қалғаны мінез – құлқын, іс – әрекетін дұрыстап, көпшілік көңілінен шығатын тіршіліктер жасаған, ел қатарлы өмір сүрген.
    «Есікті керме», «үйдің маңдайшасына төбеңді тіреме» дейді. Осындай да тыйымның түрі бар. Ерте кезде барымталып жүріп мерт болған адам үшін немесе соғыста қаза тапқан батыр үшін өлтірген жақтан құн сұрау дәстүрі болған. Құн сұрауға келген адам екі қолымен босағаны керіп, маңдайшаны төбесімен тіреп тұрып, бір аяғын ішке аттап, екінші аяғын сыртта ұстап тұрып, құн сұраған. Бұлай тұрудың мәні – өлген адамның құнын төлемесең, босағаңды қиратып, шаңырағыңды ортаға түсіремін дегені.
    Қазақ ырым – жорамалды көп жасаған және олары текке кетпеген. Екіқабат әйел өмірге ұл келуін қаласа, ерінің ұрысқа киетін құрал – саймандарын жастанып жататын болған. Ал қыздың келгенін қаласа, абысын – ажындарының көйлегін, әшекей заттарын сұрап алған да, өзінің ең жақсы көретін абысынының біріне тарту еткен. Бұл өмірге келетін қыз баланы әлгі абысынына ұқсасын деген ниеттен туған.




Ноғаева Ақмаржан Әлметқызы
Информатика пәнінің мұғалімі
«Болашақ» мектеп-интернаты
Тараз қаласы
ответил от Durus surak
0 голосов
Ырымдар мен тиымдар қазақ халқында бекерден бекер қабылданбаған. Сондықтан олардың мағынасын толығырақ зерттеу керек. «отқа су құйма», «суға түкірме», «күлді баспа», «жолды шаңқытпа», «жол жиегіне дәрет сындырма» деген тиымдардың белгілі себептері бар деп ойлаймын.
ответил от Жанар
0 голосов
АЗИККЗ КАНАЛ БАР ЖАЗЫЛ
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов