Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
обалар туралы мәлімет
спросил от Durus surak в категории Казахские традиции

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов
Обалар сыры

     Қат – қабат шаруашылық жұмыстарын уақтылы жүргізуді болжауда ауа райының қандай болатынын алдын ала білу қажет етіледі. Бұл орайда көбіне мал шаруашылығымен айналысатын қазақ халқы, әсіресе, ауа райын болжап отыратын есепшілерге зор үміт артады. Ешкім арнайы тапсырма беріп табиғаттағы ерекше құбылыстарды болжап біліп тұруды тапсырмаса да, олар жайлы көпшілікті құлақтандырып отырған. Күзгі қара суықта жаңбырдың қай күні жауып, қай күні ашылатынын, ашық күндері ай астынан соғатын боранның қашан басылатынын тағы сол сияқты құбылыстардың мерзімін алдын ала білу қандай маңызды екендігі белгілі. Сондықтан да ежелден келе жатқан халық есепшілерінің айтқаны дәл келіп тұрды. Көпшілікке сыры беймәлім құбылыстарды дәлме – дәл болжай алатын есепшілерге арналып «ала қалтаның аузын аш, сал ортаға аямай» деп айтылатын сөз бар. Мұның мағынасы білгеніңді жасырмай айт, көппен бөліс, кәдеге жарат дегені. Табиғат күнтізбегі іспетті арнайы қалта жасалатын. Бетіне ақ пен қара түсті кесте, өрнек салынады. Бұл өрнек табиғат құбылысын білдіретін, есепшілердің өзіне ғана түсінікті белгі – мұқамдалған жазу. Ала қалта – тоқтаусыз айналып келіп отыратын күн мен түн, жаз бен қыс есепті нәрсе. Салынған белгілер, екшелген мәлімет ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын ұзақ бақылау мен зерттеудің нәтижесінде жинақталған білімнің көрінісі. Дарынды адамдардың пайымдаулары мен зерттеулері біртіндеп толығып, сол іске бейімі бар шәкірттері арқылы дамып, халыққа қызмет етіп келді. Көне ескерткіштер туралы ой қозғағанда біздің есімізге осылар түседі.
    Көне дәуірдің ескерткіштерінің бірі тастан үйілген обалар. Зерттеушілердің айтуынша, кейбір обалар ертедегі қарапайым расытхана (обсерватория) болған. Аспан шырақтарының қозғалысын бақылайтын құрылыстар арқылы ауа райының өзгеруін болжауға қажетті деректер алынып отырған. Обалардың үйілу әдісі мен сыртқы пішініне қарай «мұртты оба» деп аталатын түрі Сарыарқада көптеп кездеседі. Кесе көлденеңі (диаметрі) 20 метрге жуық тас обаның оңтүстік – шығыс жақ етегіне кішірек екі оба үйілген. Сол обалардан доға тәрізді қызғылт гранит тастан үйілген екі жал шығып, шағын омақаларға барып тіреледі. Пішіні салбыраған мұрт тәрізді болғандықтан археологтар «мұртты оба» деп атап кеткен. «Мұрттардың» ұзындығы 80-90 метр шамасында, ал ұштарындағы омақалардың арасы 70-80 метрдей. Жезқазған облысының Ақтоғай ауданына қарасты Қоңырат ауылындағы Қоңырбұлақ деген жерінде жазық жон бар. Сол жердегі «мұртты оба» күні кешеге дейін қызмет етіп келді. Бұған ертеректе естіген бір әңгіме дәлел бола алады. Бұдан біраз жыл бұрын салт атпен желіп келе жатып «мұртты обаны» көрдік. Сондағы жолбасшы ақсақалдың оба туралы айтқан әңгімесі әлі есімде. «Егер шығып келе жатқан күннің сәулесі әне бір екі тасты бірдей шалып өтсе, күннің тоқырағаны» - деп, қамшысымен үйінді омақа мен обаның бір тасын нұсқаған ол ұзақ ойланып қалып еді. Сол жолы ай, жұлдыз туралы аз әңгіме айтылған жоқ. Өкінішке орай, солардың бірі де жадымда қалмапты. Тіпті жеті жастағы маған ондай әңгіменің қызықтығы да шамалы еді.
    Ауа райын дәл болжай алатын дарынды адамдар ел арасында сирек те болса кездесетіні рас. Шындап келгенде, күн есебін жүргізудің ғылыми негізі де бүгінгі дейін қалыптасты. Оны арнайы күн жадысын білетін абыздар ғана жүргізе алады. Ел аузындағы бір әңгімеде былай дейді: «Өткен заманда Бұқар жырау мал дауымен найман еліне келеді. Найманның Ақтайлақ, Сары деген билерінің ауылына кез болып, әңгіме – дүкен құрмақ болады. Бұл қыстың соңғы айы болса керек, ел жұтаң тартқан кез. Мезгілсіз неғып жүрген жолаушы,- деп жақтырыңқырамай Ақтайлақ би бір жігітін бұларға хабаршыға жіберіп, басқа ауылға барып қонсын депті. Сонымен қатар, ол күн есебін білетіндері орталарында бар ма екен, соны сұрап қал деп тапсырыпты. Жігіт жолаушыларға келіп, би ауылымызға қонбасын дейді, ал бірақ араларыңызда күн жадысын білетіндеріңіз бар болса оны айтыңыздар,- дейді. Сонда Бұқар жырау былай депті:
Жаңбыр жауар, қар жауар.
Оны жаудырған құдайды.
Есепшінің сөздері
Шариғаттан былай – ды.
Ақ түйедей шөккен қар,
Алладан үкім болған күн
Ылдидан төмен қарай құлайды...»
    Бұл жерде назар аудармағымыз: «Есепшінің сөздері шариғаттан былай - ды» деген сөз. Мағынасы ауа райының өзгеру заңдылығы жазылған қағида емес, тек есепші абыздарға белгілі деп пайымдауға болады.
    30 – жылдардың зобалаңынан тек оқыған ғана емес, көкірегіне тоқыған адамдар да қуғын көрді. Бойында түрлі өнері бар әнші – күйшілер, есепші, жұлдызшылар, абыздар, балгер тәуіптер, әңгімеші – ертегішілер тағы басқа ел арасында сирек кездесетін қабілетті дарын иелеріне «халық жаулары» деген ат жамылып, ел арасынан аластады. Иә, өтірікшілер мен өсекшілер, надан топастар мен тоғышарлар, жалпы қиянатшылар заманы туып, әділетсіздік үстем болған кез еді. Қиянатшылардың аяушылық сезімі болмайтыны белгілі. Абай айтқан екен, әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз – қорқақ, мақтанғыш келеді, әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді, әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді, әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады (үшінші сөз). Қараниет пейілі тар адамдар жақсының жағасына жармасып, адал адамның аяғынан шалып, елдің  еңсесі түсіп, берекесіз тірлік белең ала бастайды. Міне, осындай кезде ел арасындағы сауатты адамдар жаны үшін кітаптарды өртеп, қағаздарды жыртып, жойып, кем ақыл кейіпке түсуге мәжбүр болды. Ал кездейсоқ бұл зұлматтан аман қалғандар өз білімін көрсетпей қымтап ұстап «бетегеден биік, жусаннан аласа» күй кешеді. Сөйтіп талай құпия сырды өздерімен бірге ала кетеді. Әр нәрсені де білу үшін көпшілік жағдайда қажеттілік болуы шарт. Ел ішіндегі абыздарға, есепшілерге қарсы теріс уағыз олардың өнерін елемеуге, өздерін қажетсінбей ұмытуға мәжбүр етеді. Содан болар, тұнжыраған тас обаларға, үнсіз жатқан үйінді омақаға тіпті назар салмаймыз. Өткенге ой жүгіртсек табиғаттың тілін тапқан бабаларымыздың осы «жазуларын» оқу қиын болмаса керек. Табиғат құбылыстарын, негізгі заңдылықтарды мұқамдап кеткен бабаларымыздың шынайы өнері мен біліміне тәнті болып, таң қаласыз.
    Кейбір жазық жердегі оба тастардың орналасуы мен жер атының «жеті оба» болып келуі тағы да бір соны ойға жетелейді. Күннің шығуы мен батуы жылдың төрт мезгілінде өзгеріп отырады. Көктемде және күзде күн мен түннің ұзақтығының теңелуі (22 наурыз, 22 қыркүйек), жаздағы ең ұзақ күн (22 маусым), қыстағы ең қысқа күн (22 желтоқсан) арнайы үйілген нысана белгі тастар (обалар) арқылы белгіленген. Ортадағы обадан көздеп үш оба арқылы күннің шығуын бақылайды. Ал бататын жерін дәл нұсқап тұрады.
    Обалардың бір шоғыры Сарыарқадағы кішірек төбелердің үстіне үйілген тастар. Жуандықтары 50-80 сантиметр, биіктіктері 1-2 метрге жуық, алыстан қарауытып адам тәрізді көрінеді. Ара қашықтықтары бірнеше жүз метрден бірнеше шақырымға дейін болатын төбелердегі үйілген обалар жер жағдайын көрсететін мезгеуші ғана емес, айды, жұлдызды, сайрандарды бақылайтын көздеу құралы, қарауыл нысана белгі.
    Кең даланың төсіне тас үйіп, астрономиялық бақылау құралдарын жасаған бабаларымыз қандай шебер, қандай дана. Қиын да қызықты астрономия ғылымын өз тұсындағы қажеттілік дәрежесінде меңгерген сол кісілердің еңбегінің, білімінің тек сілемі ғана осынша ғажап болса, кезінде қандай болды екен. Тас обаларды тізіп тұрғызған далам қандай ғажап дегің келеді.




Ноғаева Ақмаржан Әлметқызы
Информатика пәнінің мұғалімі
«Болашақ» мектеп-интернаты
Тараз қаласы
ответил от Durus surak
0 голосов
мұртты оба деп аталуы  оның жоғарысынан қарағанда мұртқа ұқсайды.
ответил от айман
0 голосов
Rtffgghyggvbghfffjthfrgff
ответил от аноним
0 голосов

Rtffgghyggvbghfffjthfrgff





ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов