Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Данагөй және қант
спросил от amerikan в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Данагөй және қант
          Джалалиддин Руми есімді данагөй әрдайым халыққа өзінің бар білгенімен бөлісіп, кеңестер беріп, шешім қабылдауда көмек беретін есімі елден бөлек адам еді. Күндердің күнінде оған ана баласын бірге ертіп келеді. Сіз көпті көрген адамсыз, менің ұлым қантты  өте көп жейді. Мен оған көп жеу зиян деп қанша ескертсем де, тыңдар емес. Егер де, сіз айтсаңыз ол сізге құлақ асады, өйткені ол сізді қатты құрметтейді, - деп мәселесін айтып келеді. Кеңесші баланың сенім артқан көздеріне қарап, анасына үш  аптадан кейін  кел деп өтініш айтады. Әйел таңданып қалады, неге соншалықты ұзақ деп. Уақыт өткен соң ана баласымен тағы да  келеді, сонда дана балаға тағы да бір қарап, олардан тағыда үш аптадан кейін келуін сұрайды. Ол данагөйдің ақылдылығына, әрі шешімдерінің әділдігіне ешкім де күмәнданбайтын. Баланың анасы тағы да күтуге бел буады.  Уақыт өте ана баласын ертіп данагөйдің  алдына тағы да келеді. Сол уақытта дана  баланы шақырып алып: «Балам, қантты көп жеме, ол денсаулығыңа зиян келтіреді!» - деп бір ғана сөз  айтады. «Сіз өтінсеңіз, енді жемеймін,» - деп дананың  сөзін орындауға сөз береді. Таңданған анасы данадан «Бұл бірауыз сөзіңізді неліктен бүгін  ғана айттыңыз? Мұның себебі неде?» - деп сұрайды. Мен оған қалайша қантты жеме деп айтамын, мен өзім қантты жақсы көремін, сол әдетімнен арылу үшін маған осыншама уақыт керек болды- деп жауап береді. Шебер өзінің сөзіне де, ісіне де берік жан екендігін аңғартты.
ответил от amerikan

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
спросил от аноним в категории Другое
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов