Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
9 мамыр - Жеңіс күні сабақ жоспары
спросил от amerikan в категории Праздники

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Білім беру саласы: Таным

  Бөлімі: Қоршаған орта.

  Тақырыбы: «9 мамыр-Жеңіс күні!»

  Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру. Батыр аталарымыз бен апаларымыздың    

  ерліктерімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту   

  қабілетін дамыту. Балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке , елін, жерін сүйетін

  батыл азамат болуға тәрбиелеу.

   Қажетті көрнекі құралдар: әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер.

  Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.

  Сөздік  жұмыс: жеңіс

  Билингвальды  компонент: отан-родина

Оқу іс- әрекетінің

  кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивация-лық

қозғаушы-лық

Шаттық шеңбер.

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегіндей  бүгін де,

Қанат қақсын көгершін

Балалар дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Әңгіме жүргізу.

-9 Мамыр-Жеңіс күні мерекесі.

Біздің Отанымызды, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды.

Жеңіс мерекесі елімізде жыл сайын тойланады.

Суретпен жұмыс.

-Балалар, бұл суретте 28-панфиловшылар саябағы бейнеленген. Осы саябақта соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына ардагер аталарымыз, апаларымыз гүл шоқтарын қояды.

-Балалар, қазақ халқының

Бауыржан  Момышұлы, Әлия Молдағұлова,  Маншүк Маметова сынды батыр ұлдары мен қыздары бар.

Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар.

Алау отына ардагер аталарымыз, апаларымыз гүл шоқтарын қояды.

Балаларға ой тастау.

Балалар есімдерді қайталап айтады.

                                           Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды.

 -Балалар, сендер де осы аталарың, апаларын сияқты батыр болғыларын келе ме?

Сергіту сәті.

Ақ көгершін, көгершін

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүиенің көлемін.

- Балалардан тақпақтар сұралады.

Балалар есімдерді қайталап айтады.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар қимыл-қозғалыспен жасайды.

Азимжан:

Алақай-ай! Әйгілі

Тоғызыншы май бүгін.

Алғаш күні шаттықтың

Соңғы күні қайғының

Арай:

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән болып.

Наурызғали:

Кіп- кішкентай баламын,

Ертең менде өскенде,

Ел қорғауға барамын.

-Балалар жер шары балаларының тілегі не?

Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен, ендеше балалардың тілегіне «Әр қашан күн сөнбесін» өленің айтайық.

-Бейбітшілік болсын!

-Соғыс болмасын!

-Достық болсын!

Балалар өлең жолдарын айтады.

Рефлекция лық

 түзетушілік

Қимылды ойын:  «Өз орнын табу»

Мақсаты: Балалардың  түстер туралы түсініктерін бекіту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.

Шарты: қызыл, жасыл, сары жалаушалардың түстеріне қарай топтасу.

 Әңгімелеу арқылы қорытындылау.

Балалар қызыға ойнайды.

   Күтілетін нәтиже:

   Біледі: жеңіс мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын:

   Игереді: батырлардың есімдерін есте сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап, олардың    

   мағынасын түсіне білуді:

   Меңгереді: батырлық, жеңіс деген ұғымдарды.

ответил от amerikan

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ