Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Сапалы білім- адамзат қоғамын алға апаратын күш
спросил от amerikan в категории Искусство и Культура

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Лучший ответ

                                 Калиева Замзагуль Жакиевна

Лаврентьев негізгі мектебінің

 биология пәнінің мұғалімі

 Сапалы білім- адамзат қоғамын алға апаратын күш

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне , даму бағытына байланысты.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» ,- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі жәй ғана айтыла салған жоқ.Еліміздің болашағы көркейіп , өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Осыдан барып  жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін дамыту және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.

Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту және оның жан-жақты терең білім алу мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда.Сонымен қатар осы технологиялардың  оқушыға тиімді әдіс-тәсілдері де бар.

Әртүрлі технологияларды қолдану барысында мұғалім оқушыларға сабақтың  тақырыбын толықтай ашуға мүмкіндік алады. Әр мұғалім өз ісінің шебері болса,оқушы сол істің нәтижесін көрсететін тұлға.Сабақты бір сарынды қылып өткізбей ,әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білсе оқушы зерікпейді,мұғалімде              45 минутын текке кетірмеген   болар еді.Оқушылардың жаңа тақырыпты терең  және оңай меңгеруіне терминдік тапсырмаларды қарама-қарсы бағытта орналастыра жазғызу,мысалдарды өмірмен байланыстыра салыстыру,есте сақтау қаблеттерін дамыту үшін жасалынатын жаттығуларды қайталау,мағынасын түсіне отырып жаттау,тараулар арасындағы сабақтастық,кесте арқылы салыстырмалы тапсырмалар  оқушыны жалықтырмай,пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін  әрі оңай,әрі қызықты,әрі жеңіл  тәсілдер мен әдістер.

Сабақты  ойын шартына түрлендіре отырып,оқушыларды ұйымшылдыққа шапшаңдыққа, ойлауға, салыстыруға, есте сақтау қаблеттерін дамыту мақсатында өткізуді жөн көремін.

ответил от amerikan
выбран от amerikan

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов