Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Анализаторлар - сезім мүшелері ашық сабақ
спросил от amerikan в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

 Тақырыбы: Анализаторлар - сезім мүшелері.

  Мақсаты:

1.Білімділігі:"анализатор" ұғымының мағынасын ашу;анализаторлардың өзара әрекетін қарастыру;сезім мүшелерінің( көз,құлақ,тері,бұлшық ет,иіс,дәм сезу) маңызын білу.

2.Дамытушылық:оқушылардың негізгі түсініктерді бөліп,салыстыру біліктілігін дамыту;оқыту барысында өздігінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік:сезім мүшелерінің адам өміріндегі және қоршаған әлемді тануындағы рөлін түсіндіру,оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:"Көз құрылысы","Құлақтың құрылысы" суреттері,"Иіс сезу және дәм сезу"

тірек-сызбалар.

Сабақ типі: аралас сипатта.

Сабақтың әдісі:сұхбаттасу-дәріс,тірек-сызбалар бойынша түсіндіру.кестелер толтыру,өзідік жұмыс.

Сабақтың барысы:

       І.Ұйымдастыру.

        1.Өткен тақырып бойынша білімді өзектеу.(сұрақ-жауап,тапсырмалар).

        2.Тақырыпты меңгерту,дамыту.(кезеңдер бойынша)

        3.Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар.(тірек-сызба,кестемен жұмыс)

        4.Алған іскерлік дағдыларын қорыту"Мәтін бөліктері".(оқулықпен жұмыс)

        5.Қорыту"Сүмбілшаш"әңгіме(өзіндік жұмыс)

 І.Өткен тақырып"Вегетативті жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі"

        1.Сұрақ-жауап.

- Вегетативті жүйке жүйесі неше бөлімге бөлінеді?(симпатикалық,парасимпатикалық)

- Симпатикалық  бөлімнің мүшелерге әсері қалай? (жүректі іс-әрекетін қоздырады,ішектің жұмысын тежейді)

- Парасимпатикалық бөлімнің мүшелерге әсері қалай?(жүрек іс-әрекетін баяулатады,ішек жұмысын қоздырады)

-Симпатикалық,парасимпатикалық бөлімдерде қандай бөліктер бар?(орталық ж/е шеткі)

       2.Кестені толтыру.

Симпатикалық бөлімнің қызметі

Парасимпатикалық бөлімнің қызметі

қан тамырларын тарылтуға байланысты қан қысымын көтеруге септігін тигізеді

қан тамырларын кеңейтеді

көз қарашығының ұлғаюына әсер етеді

көз қарашығын кішірейтеді

жылу беруді жоғарлатады

жылу беруді төмендетеді

жүректің жиырылу мөлшерін арттырады

жүректің іс-әрекетін ретке келтіреді

ас қорыту мүшелерінің іс-әрекетін тежейді

асқорыту мүшелерінің іс-әрекетін қоздырады

қуықтың бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасын босаңсытады

қуықтың бұлшық ет тонусын жоғарылатады

       3.Оқулықтағы сурет бойынша вегетативті бөлімдердің ағзадағы орналасуын талдау.

     ( 60-бет,34-сурет)

ІІ.Жаңа сабақты меңгерту.

"Ой шақыру".

 Оқушыларға әртүрлі мамандықтардыбөліпберу: аңшы;суретші;орманшы;дәрігер;құрылысшы;эколог;орман өнеркәсібінің жұмысшысы.

Тақтадағы "Орман"сөзін пайдалана отырып,оқушылар 1-2 сөзбен сипаттай отыра,ойларын ортаға салады.

Мысалы: Мен суретші болсам, табиғаттың осы ғажайып көрінісін суреттер едім.Бойларын тік ұстаған қарағайлар,арасында билеп тұрған ақ қайыңдар,желмен сыбдыр қаға желбіреген жапырақтары бәріде табиғатты өз сұлулықтарымен толықтұрып тұрғандай.

Терминмен жұмыс.

 Анализаторлар -үлкен ми сыңарлары қыртысындағы сәйкес аймақтардан және өткізгіш жолдарынан тарайтын белгілі бір рецепторлардан тұратын бірегей жүйе.Біз заттардың тек жеке бір қасиеттерін ғана емес,тұтас заттың өзін қабылдаймыз,біздің миымыз заттардың қасиеттерін талдаудан өткізіп,біріктіреді де затты бүтін қабылдайды.

Қабылдау -анализаторлар жүйесінің қызмет ету нәтижесі болып табылады.

Сезіну-қоршаған әлем мен ішкі ортаның заттарының ж/е құбылыстарының мүшелерге әсер ететінқасиеттерінің тікелей көрінуі.

ІІІ.Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар.

1-тапсырма.Мәтінмен жұмыс.

 Анализаторлар жұмысына байланысты қабылданатын тітіркендіргіштің сипаты:

а)арақашықтыққа (көру,есту,иіс сезу)

ә)жанасқанда (тері және дәм сезу)

б)химиялық (иіс сезу,дәм сезу)

в)механикалық )есту,сипап сезу)

г)жарық (көру)

2-тапсырма.Сеім мүшелерін теріп жазу. Әңгіме "Сүмбілшаш"

Сүмбілшаш әдеттегіден ерте тұрып,далаға шықты."Таңғы ауаның тазасын-ай"-деп тамсанған ол ,табиғаттың сұлулығын тамашалап тұрар ма еді,үйден анасы Раушанның таңғы ас ішуге шақырғанын естімегенде.Дастархан басында әкесі Қалақай,әжесі Жұпаргүл де отыр екен."Мойылдай қара көздерінен"-деп  әжесі отыра берген Сүмбілшашты еркелете басынан сипап.Анасының пісірген самсасының дәмді иісі бүкіл бөлмеге жайылып кеткендей.Радаиодан қалықтай шыққан әуенді тыңдап отырып,дастархан басындағылар шайларын ішті.Терезе алдындағы жөке ағашында қонақтаған торғайлардың шиқылы да ешкімге кедергі келтірмеді.Отбасының бүгінгі күні ерекше қуаныштан,мейірімнен басталды.

(ауаның тазасын-ай;табиғаттың сұлулығын;шақырғанын естімегенде;басынан сипап;дәмді иісі;әуенді тыңдап отырып;шиқылыда)

 IV.Жаңа сабақты қорытындылау ж/е жүйелеу.

1.Анализаторлар дегеніміз не?

2.Анализаторлар қандай бөліктерден тұрады?

3.Неліктен кез келген анализаторлардың қалыпты жұмыс атқару үшін оның барлдық құрамдас бөліктерінің болуы қажет?

4.Анализаторлардың орталықтары қайда орналасқан?

5.Қандай анализаторлар барлық анализаторлар арасында тығыз байланысты және бейнені қабылдауды қамтамасыз етіп отырады?

V.Үйге тапсырма:   19-параграф материалын оқып -білу,кестені сәйкестендіру(63-бет)

ответил от amerikan

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов