Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Данчик в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Өз тәжірибемді тоғызыншы  сыныптың Қазақстан тарихы пәнінен алдым .  


Мақсатым: Оқушыларға Қазақстан тарихы кезеңдері мен не оқитындарымен таныстыру.Оқушыларға оқытудың жаңа тәсілдерін үйрету. Cабақ жоспары бойынша  сергіту сәтін өткізумен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру .Бір таңғаларлығы талантты оқушылар қатарындағы Қ есімді қызымыз тарихи мәліметті ортаға еркін шығып айтты және  с деңгейлік күрделі тапсырмасын сыныптастарына өте жақсы түсіндіріп берді. Бұл оқушыға жеке с тапсырманы беруімнің себебі оқушының талантын одан әрі шындау, дамыту. Тапсырманы орындау  кезеңінде жеке жұмыс жасауға мүмкіндік бердім. Одан әрі жұппен бір-бірін тексеріп болғаннан кейін ,топ ішінде қызу талқыға салдым. Содан кейін «джиксо» әдісі бойынша  әр топтан екі оқушы басқа топтарға барып, солардын орындаған тапсырмаларын тындаумен, кейін үйге қайтып үйреніп келген тапсырмаларды түсіндірді. Топта талқылаған сәтте әр бала өзінің ойын айтып және бірін-бірі тыңдауға үйренді. Бірлескен жұмыс оқушыларды бірлікке, татулыққа, шапшаңдыққа  бір-біріне жанашырлыққа тәрбиелейді. Белгіленген уақытқа қарап жұмыс істеуге үйренеді. Яғни, келешекте уақытты үнемдеп пайдалануға үйренеді.Себебі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артуы, белсенділігі, сөйлеу мәнерлері, бір-бірімен қарым-қатынасының күшейгенін байқадым.Мұғалім бірінші проблема тудырады, оқушыларға сол проблеманы шешуге мүмкіндік береді , жағдай туғызады. Оқушылар өздерінің ойларын айта бастайды. Яғни оқулықтағы берілген мәтінге қосымша ақпаратты алдарына беріп , жеке-жеке түсініп оқуға бағыт бердім.  «Қалай оқу керектігін үйрену»  модуль бойынша оқушы жаңа ақпаратпен танысты, тақырып бойынша тапсырмалар орындады.  Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс-әрекетіне негізделеді. «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту» бұл модулі алдыңғы модульдағы тақырыппен тығыз байланыста болды. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, шамасына қарай сындарлы диалогті ынталандыру әдіс тәсілдері балалардың мүмкіндігіне сай берілді. Жаңа тақырыпты бекітуде, заманға сай  оқушылар әр мәтіннен сұрақтар құра отыра өз мақсаттарына жетудің жолын іздеді және қорғады, тақырып бойынша сұрақтарға  дәлме дәл жауап қайтарып отырды. Оқушылар  қол көтеріп ортаға шығып сұрақ қойып,қызу талқыға түсіп жауаптарын жобамен қорғады. Әр оқушының қаншалықты жаңа тақырыпты түсінгенін байқау үшін тест  жұмысын орындаттым. Бұл кезеңде жүргізілген жұмыс деңгейгі жас өспірімдердің ерекшеліктеріне сәйкес дайындалып оқытылды. Бұны озық ойы бар оқушылар берілген тапсырмаларды тез арада орындай білді. Деңгейлік тапсырмаларды оқушылар  өздігінен орындап , әркім қабілетіне қарай алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйренді .
                                                     
Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Сондықтан мен де өз сабағымды интербелсенді тақтаның жоқтығынан ноутбукпен  жұмыс жүргіздім. «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін қолдануда оқушылар кез келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Оқушының әр түрлі жұмыстарын саралап өткізу (тыңдап – түсіну,  жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы бақылау оқушының не жақсы, не нашар қабылдағаның психологиялық ерекшеліктерін, интелектілік деңгейін білуге болады. Өз сабақтарымда мадақтау , мақтау әдістерін көп қолдандым. Балалар жарайсыңдар !,өте жақсы деп үнемі демеп қолпаштап отырдым. Мысалы: «Сен осы тапсырманы өте жақсы орындапсың! Сенің қолыңнан келеді! Жарайсың! Керемет! Бүгін сабаққа өте жақсы қатыстың!»деп күнделіктеріне смайлыктарды жабыстырып отырдым.Мен осы сабақта тек қана бақылаушы, бағыт беруші рөлінде болдым. Топта талқылаған сәтте әр бала өзінің ойын айтып және бірін-бірі тыңдауға үйренді. Бірлескен жұмыс оқушыларды бірлікке, татулыққа, шапшаңдыққа бір-біріне жанашырлыққа тәрбиелейді. Белгіленген уақытқа қарап жұмыс істеуге үйренеді. Яғни , келешекте уақытты үнемдеп пайдалануға үйренеді. Ойларын дәлелдеп  жоба   қорғайды.                                                                           
                                                                                                                                                                                                                                                                                       Зерттеуге алған үш оқушымның  ішінде Қ талантты оқушы бақылау барысында: оқушының ойлау деңгейі, зейін қою,  есте сақтауы, ауызша және жазбаша сөйлеуі, қызығушылығы,  негізгі ақпаратты алуы, жоспар құра білу деңгейі, оқушының ойлау жылдамдығы және шапшаң шешім қабылдау  деңгейлерін бақылай отырып жақсы деген шешімге келдім, яғни алдыңғы сабақтарға қарағанда жоғарланғанын байқадым. Д атты оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетті, топта өз ойын қоса білді.А енжар оқушы, бірақ  топта жұппен жұмыс жасай білді.   Мақсатыма жеттім деп ойлаймын,  себебі оқушылардың бағалары бұрынғы сабақтарға қарағанда нақты жоғары болды. Оқушылардың ойлау деңгейі әлде қайда жоғарылаған. Сабақта олардың қызығушылығын ояту кезеңіне көп көңіл бөлінетін болды.  Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздерінің ашуы , кейіпкерге айналуы, кейіпкермен бірге қуану сабақта жағымды эмоция, әсер қалдыратындай жағдайға жеткіздім. Әсіресе топтық жұмыстарда балалардың жандары жақындасып , бірге жасаған істерінің нәтижесін көру, оларды жоғары эмоционалдық жағдайға әкелетіндігі байқалады.  Оқушылар тапсырма алысымен тыныш, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланады.Бір таңқалғаным оқушылардың сабақтар кезіндегі жұмыстары,  іс әрекеттері, бір біріне деген қарым қатынасы, көмектесу, идеяларын салыстыра білуі, түсініксіз сұрақтарға жауап іздеуі, бірлесіп жоба қорғауы мен күтпеген жай болды деп айтсам артық болмас еді.Қорыта келетін болсам, жеті модульдің тиімділігі - оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артуы, белсенділігі, сөйлеу мәнерлері, бір-бірімен қарым-қатынасының нығая түскеніннен байқалды. Балалар өздерін әлде қайда еркін ұстап, пікірлерін айтып, сабақтың қорытынды кезеңіне өздері жеткені, мен үшін жетістік болды. Оқушы үндемейді, сабаққа ынталы емес деген бос сөз екендігі осындай іс – әрекеттер арқылы көріне бастағанын, олардың тақырып пен мәтін оқиғаның мағынасына түсінуіне  жағдай жасалғанына көзім жетті. Оқушылар бұрын тек оқулықты жаттанды түрде оқып айтып беретін болса, қазіргі күнде олар өздері іздену арқылы, салыстыра отырып талдау арқылы, өз – өздерін бағалау арқылы білім көкжиегіне ұмтылады. Бұл жерде мен тек бақылаушы, бағыт беруші ретінде роль атқардым.Соның нәтижесінде оқушы өз білімін, түсінгенін белсенді ойлау тұрғысына сөйлеу , жазу арқылы жеткізеді. Бұл мұғалімге оқушының жеке басына көбірек көңіл аударуға және оқушының тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады.
ответил от Данчик

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов