Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Данчик в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Өзіңе баға бер

Бір күні шеберге жас бала келіп:

  • Mенің саған келген себебім, өзімді сондай дәрменсіз, ешкімге пайдасыз сезінемін. Қоршағандардың барлығы мені ақылсыз, түкке тұрғысыз, қолынан ештеңе келмейді деп жиі айтады. Өтінемін, шебер маған көмектес.

Шебер, жас балаға көз қиығымен:

  • Кешір, менің қазір қолым бос емес, саған көмектесе алмаспын. Мен өте маңызды шаруаны бітіруім қажет. Біраз ойланып..
  • Егер сен маған шаруамды бітіруіме көмек берсең, мен де саған көмектесер едім.
  • Әрине, шебер, қуана-қуана,- өзін екінші орынға қойып, дірменсіздігін сезінді.
  • Жақсы, - деп шебер өзінің қолындағы әдемі тасы бар сақинаны шешіп. Жылқыны алып, орталық алаңдағы базарға бар. Мен қарыздарымды дереу қайтару үшін сақинаны дереу сатуым қажет. Оның құнына алтын тиыннан аз сұрама, ол үшін көбірек сұрап ал. Тезірек орал. Жас бала сақинаны алып жылдам кетті. Орталық алаңға келіп, сатушыларға ұсынды, олар қызыға қарап, ал құнын ести сала бас тарта бастады.  бастады. Кейбіреулері ашық бетке күле салса, кейбіреулері теріс бұрылып кетіп жатты. Тек қарт сатушы сыпайы ғана, алтын тиын құны бұл сақина үшін тым жоғары баға, оған көп дегенде қола, тіптен жоқ дегенде күміс аларсың болғаны.

          Қарттың бұл сөздерінен кейін қатты қынжылып, шебердің айтқан құны алтыннан кем болмасын деген сөзін ұмытпады. Сонда да базарды түгелімен шарлап, қолынан келмегендігіне қынжылып, шеберге қайтып келеді.

  • Шебер, мен сенің өтінішіңді орындай алмадым, тіпті бұл сақина біраз күміс тиын алатын едім, бірақ сен алтынның құнынан кем болмасын деп едің, ал бұл сақинаның құны қанша еді?
  • Сен жаңа ғана өте маңызды сөздерді айттың,балам. Сақинаны сатпас бұрын оның шынайы құнын білген дұрыс. Ал оның нағыз құнын  зергерден басқа кім білсін? Зергерге шауып, сақина құнын біліп ал. Ол саған не деп жауап берсе де, сақинаны сатпай өзіме қайтып кел. Жас бала зергерге жол тартты.

         Зергер лупамен сақинаны қарап, таразысына өлшеп, жас балаға: Шеберге айтып бар, дәл қазір қолымда  елу сегіз алтын тиыннан артық шықпас, бірақ ол маған біраз уақыт берсе, жұмыстың тездетіп біт дегеніне қарамастан, сақинаны жетпіс алтынға алармын.

Жетпіс алтынға??? – жас бала қуаныштан күліп зергерге алғыс айта, тезірек жолға аттанды.

Мында отыр, -деді шебер жас баланың ауыз толтыра әңгімесін тыңдап. Біліп жүр балам, сен дәл осы сақинасың. Баға жетпес, әрі қайталанбас! Сені тек нағыз шебер бағалай алар. Онда сен неге базар аралап, сенің құныңды білмейтін кездейсоқ адамдардан саған дұрыс баға берер деп күлесің!

ответил от Данчик

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ