Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Адам өз  ісінің шебері болуы үшін не істеу қажет
спросил от Данчик в категории Досуг, Развлечения

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Өз ісінің шебері болу

  Таңертең  ерте шәкірттер шеберге келіп,  әдеттегідей әңгіме бастайтын. Осы жолы олар шыдамдылықпен ұстаздың әңгімесін  күтті.

- Ал, бүгін қандай себеппен келдіңдер,айтыңдар!

- Ұстаз, бізде өткен түнде бір мәселе бойынша дау  болды. Адам өз  ісінің шебері болуы үшін не істеу қажет деген сұраққа жауап іздедік . Мәселен, сіз сияқты.

- Асықпаңдар. Біріншіден,   дауларыңның соңында қандай шешімге келдіңдер, соны айтыңдар? – Күлімсіреп қана  қалтасындағы тастарды алып шығып, іріктей бастады.

- Адам үнемі ізденісте болып, өзін дамытып, шеберлігін шыңдаса ғана қалаған нәтижеге қолы жететіндігіне  көзіміз жетті.

- Бар болғаны осы ма? – шебер  бәсең дауыспен сұрады.

- Ол басқаларға үйрету және олармен өз білімі мен тәжірибесімен бөлісу қажет!

- Болды ма?

- өзін жеңіп, ең күшті болуға ұмтылу!

- Жаман емес. Бірақ одан да маңызды нәрсе бар. – шебер көзін ашпастан қолындағы тастарын іріктей берді

- Басқа адамдарға көмектесу! Әлемді жақсартуға  ұмтылу! – деп жарыса айқайлай бастады

-өміріңді өз жұмысына арнау! – деп оқушыларының даусы бәсеңдей бастады

Шебер  біраз күтіп, содан кейін қолындағы тастарын шәкірттеріне ұсынды.Олар әр түрлі болды: біреуі домалақ тәріздес, біреуі тегіс  тіктөртбұрыш, үшінші – жүрек тәріздес, төртіншісі формасы түсініксіз болса, бесіншісі кварц тәріздес. Барлығы бес шәкірт еді, шебер оның әрқайсысына таңдауды ұсынады.   Олар  отырған тәртіппен, бір мезгілде, таңдап шықты.

Біріншісі жүрек пішінді тас алды, екіншісі домалағын  таңдады, үшінші кварц, төртінші – тегіс төртбұрышты және бесінші түсініксіз формадағысын таңдап алды.

- Енді өздерің қойған сұраққа осы тастарға қарап жауап беріңдер – деп шебер жымияды.

- Біз таптық, таптық! Әрқайсымыз өзіміз  ұнатқанын таңдадық! Ең алдымен адам өзін дамыту үшін  сүйікті ісін таңдап одан  шабыт алу! 

- Шәкірттер толқып, тапқан жауаптарыны риза болып қуаныштарында шек болмады.

- Сіз дұрыс айтасыңдар, Бірақ сәл тереңірек үңілсек. Ең үлкен таңдау кімде болды?

- Бірінші болып таңдағанында ғана.

- Ал кімде таңдау мүмкіндігі болмады?

- Соңғысында, өйткені ол ең түсініксіз тасты алған еді

- Бүгінгі сабағымыздың мәні де осында: ешкімге сіздің таңдауыңызды шектеуге мүмкіндік бермеңіз. Өзіңе ұнайтынын таңдап, немесе өзіне бұл жерде ұнамағанынан басқасын таңдауға мүмкіндіктер болды. Ал сендер болсаңдар, менің айтқаныма құлақ асып, өздеріңнің таңдауларыңды шектеп қойдыңдар.

Шәкірттері үнсіз қалды

- Қазір барып, бүгінгі сабақта туралы ойларыңды қорытыңдар. Әрқашанда жүрек қалауларыңмен өмір сүріңдер. Айналаға үңіліп, берілген шектеуден асып, шексіз бақытқа қол жеткізуге болады. Сонда ғана  осы қиын жолдан өтіп шебер атана аласың. Өз ісіңнің нағыз шебері боласың!

ответил от Данчик

Похожие вопросы