Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Данчик в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Балаларға көркем – эстетикалық тәрбие теру мәселелері.

Оқушылардың әдемілікке, әсемдікке баулу – қазіргі шақта педагогикада өзекті мәселе болып табылады. Көркем – эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі қоғамның дамуымен тығыз байланыста болып отыр. Өйткені қоршаған ортамен  байланыссыз, ортаның әсерінсіз адам баласының дамуы мүмкін емес. Сондықтан балаларға көркем – эстетикалық тәрбие беру мәселесі туралы айтқанда болып жатқан түрлі өзгерістерден бөліп жаруға болмайды.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін мектеппен оқушы жанұясының байланысы басталатыны белгілі. Бірақ, оқу тек келісімдік сипат алады. Сондықтан мектеп баланы қабылдап оқытуға, ал ата-ана оқу тәрбие жұмысына өз тарапынан жағдай жасау міндетін ғана алады. Бірақ, осы келісімге қарамастан ата-ананың мектептегі оқу-тәрбие жұмысына жаны ауырып, көмек көрсетуі екі талай. Сондықтан баланы оқыту, жан-жақты тәрбиелеу педагогтардың ғана міндеті болып отыр.

Бұл жерде туындайтын қиындық қайда жатыр? Адам мен қоғам арасындағы байланыс тек педагогикалық жұмыспен шектеліп қоймайды.

Белгілі жағдай, жеке тұлға қалыптасуы әлеуметтік орта мен қоршаған дүниемен байланысты. Елімізді болып жатқан демократиялық қатынастар мектеп жұмысына да қажеттілік туғызады.

Ата-аналардан сауалнама жүргізген психологтардың айтуы бойынша; ата-аналар өздерінің тәрбиелік статус деңгейін білмейді.

Балаларға тәлім-тәрбие беру жұмысын алғандықтан көркем – эстетикалық тәрбие беру, әрине біздің мойынымызда.
Көркем – эстетикалық тәрбие беру өзекті мәселе болып тұрғаны сол, әрбір адам қоғамда өмір сүргендіктен, бір жақсылық, әдемілік жасауға ұмтылу керек. Ұлы жазушы В.Шекспир айтқандай «Әлемді сұлулық қана сақтайды»

Оқушы оқу үрдісі кезінде болашақ мамандыққа дайындалатыны белгілі. Сондықтан оқу өмірлік жолына іргетас болып қалады.

Бұл жерде пәнаралық байланыстың рөлі маңызды. Ал, көркем-эстетикалық тәрбие беру мәселесі ол:

1.    Баланы өнерге деген қызығушылығын үнемі қолдап отыру.
2.    Әдемілікке, әсемдікке сүйіспеншілік дамуын қолдау.
3.    Педагогикалық іс-әрекет кезінде қоршаған орта мен айналаның әсемдігін сезіну.
4.    Көркем – эстетикалық талғамын оның жеке тұлғалық қасиетін дамытушы ретінде қалыптастырып отыру.
5.    Көркемдік өнерде балалардың мүмкіндіктерін ашып отыру.
6.    Дарынды балалармен жеке жұмыс жасау.

Көне заманнан бері барлық адамзаттың алдында тұрған міндет – өзінің өмірін жалғастыратын саналы адам тәрбиелеу. Білімі мол, іскер, ойлы, еңбекқор азамат тәрбиелеу де адамзаттың дамуындағы бағалы байлықтың бәрін иегере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына біртіндеп сіңіру сақан ұстаздық шеберлік пен үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
ХХІ ғасыр - білім ғасыры, бәсеке ғасыры десек, оқыту мен тәрбиелеу ісінде қажетті құралдардың талғам биігінен көрінуі жас ұрпақты оқу тәрбие әркетінен бастап, олардың таным – қабілетінің дамуына ықпал етуі керек.

Білім беру, тәлім – тәрбие мазмұны жаңа үрдістік биіктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағ,дайындағы білім беру бағдарламасының тәрбие жұмысының нақтылануымен ерекшеленеді.

«Біздің маңдайымызға ең ауыр да, жауапты кезең жазылған: ол – бәрін де жасау керек болатын, жаңа ұстанымдарды енгізу қажет болатын кезең» - деп Ы.Алтынсарин өз заманында айтып кетсе, бұл қазіргі күннің де өзекті тақырыбына айналып отыр. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушының ой-өрісі, ойлау қабілеті жоғарылап келе жатқаны даусыз. Сондықтан білімді де сапалы ұрпақ тәрбиелеу қазіргі уақытта оқу тәрбие үрдісіне жаңа әдістерді енгізуді талап етеді. Заман талабына сай жасалған көрнекі ақпарат әрбір сынып жетекшісінің тәрбие көзіне айналуы тиіс.

«Қазақстан жастары жалын жүректі өршіл, намысты биік рухты болса, елдің еңсесі де биік болады» - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Олай болса, тәрбие жұмысымызды жастар намысын, рухын оятуда, халық педагогикасына сүйініп, инновациялық технологиялар енгізе отырып, ұлттық жүйесін дамытатын, бәсекелестікке қарымы мол оқушыларды тәрбиелеу басты мақсатымыз.

Жалпы қазақ өнерін насихаттау – жас ұрпақты өнерге, халқымыздың көрнекті өкілдерінің өмірін үлгі етуге, олардың мұраларына деген құрметке тәрбиелеу.

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген Әл-Фарабидің сөзін нысанаға ала отырып, білім берудегі басты бағыт көрнекіліктерді эстетикалық тұрғыдан талап биігінен көрінетіндей пайдалана білсек, тәрбиенің дұрыс жолға қойылғандығы деуге болады. Қазақстанның болашағы жастардың қолында десек, сол жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге бай эстетикалық талғамы жоғары елінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеу баршамыздың міндеті.

Олай болса, жаңалықтың әдемілік, әсемдік жаршысы ретінде қолданып жүрген көрнекі ақпарат құралдары көрнекі де тәрбиелік мәні, мол болсын!

Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне үйірсек болып қана қоймай оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге, сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі заңдылығы болсын!
ответил от Данчик

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ