Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қорқыт туралы толық мәлімет керек. Шығарма рефератттар болса да болады
спросил от Данчик в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Атадан қалған мұра»

/Күй атасы – Қорқыт/

Дүние жүзілік музыка әлеміне әрбір халықтың қосқан үлесі бар. Кез – келген халықтың мұрасы әлемдік мәдениет мұхитына құяр нұрлы саға бүгінгі бийік өркениетке нәр беріп келе жатқан асыл дүниелер халықтың тағдырымен тағдырлас, үнемі үндес көркем мұралары, музыкалық шығармалары мен аспаптары ұмытылмай, сонау ықылым заманнан бері өңделіп түрленіп бізге жетіп отыр.

Қазақ музыкасы мәдениеті тарихында қобыз аспабымен қатар-қатар жүретін есім – Қорқыт. Рухани өміріміздің тарихында тұтас бір дәуірдің болмас бітімін, таным-түсінігін айшықтап көрсететін айрықша тұлғалар болады. Тәңірлік дүниетанымның жаратылысын шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал Қорқыт ата.

Атаның бейнесі ойдың жемісі еместігі мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға. Қорқыттың өмірі аңызбен сабақтас. Әфсана, өлең, жыр, эпостық шығармалармен қазіргі ұрпақтарына сақталып қалуы өткен өмірдің құбылысы, тарихымыздың алтын діңгегі. Қорқыт туралы әңгіменің түйіні қазіргі жұмыр жердің тыныш-тіршілігі мен рухани ортақ мәдениетіне оның ішінде Қорқыт исламға дефінгі түркілік дүние танымның соңғы ірі өкілі ғана емес, өз дәуірінен есімі бізге толығырақ жеткен жалғыз идеологиялық тұлға.

Ұлы бабамыз шамамен VІІІ-ІХ ғасырларда сыр бойында туып өскен. Әкесінің аты – Қара. Қыпшақ тайпасынан. Ойшыл, келер күнді болжайтын көріпкел бақсы. Қазақ аңыздарындағы сөзге ерекше түсетін таңсық уақиғалардың бірі – Қорқыттың өмірі, дүниеге келуі, Қорқыт жыр мен күйдің атасы баршаның жан дүниесіне зор әсер еткен кемеңгер дана кісі болғандықтан, халық оның туын да жаратылысынан тысқары, жай адамның өмірге келуінен өзгеше етіп суреттейді. Сол аңыздардың біреуі, Қорқыт дүниеге келер кезде құланның жаясына жерік болыпты, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл юойы көтеріп, жылына бір рет толғақ қысып отырыпты.

Оны тоғыз күн толғатып жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылап түсіпті, қалың қара жаңбыр жауып, сұрапыл қара дауыл соғып біреуді біреу көре алмай, ел-жұрт қатты қорқынышқа батады. Ол туып жатқан кезде Сыр бойы мен Қаратауды қараңғылық басып, сол себепті ол туған жерді «Қара аспан» деп атаған. Сол қараңғылық қорқынышта туғандықтан атын

«Қорқыт» қойыпты. Бұл жөнінде халық аызында мынандай өлеңі де бар:

Қорқыт туар кезінде,
Қара аспанда су алған.
Қара жерді құм басқан,
Ол туарда ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған – депті.

Анасының құрсағынан Қорқыт тілі шығып сөйлеп туыпты. Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма-құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнаған екен. Алайда ол оған адам мен жануардың үнін табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, жүз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не сітерін білмей қиналады. Күндер солай өте береді. Бір күні иол шаршап отырып көзі ілініп кетіп түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға «Қорқыт, жасап жатқан қобыздың 6 жасар нар атының желігіндей екен. Енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құрығынан тартылған қыд ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұ екен» деп түсінде аян (кеңес) береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып осы айтылғандардың бәрін жасайды.

Қарағайдың түбінен, қайырып алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен, үйіріп алған өобызым.
Ақ қайыңның безінен қағып алған қобызым,
Өзегінен қара емен ойып алған қобызым.
Қыл құйрығын тұлпардың, ішек қылған қобызым,
Ақ ырғайын қиянның құлақ қылған қобызым.
Ортекенің терісін, сауыт қылған қобызым,

Ақ түйенің сүтімен сылап алған қобызым – деп қобыз аспабын шығарушы да, ең алғаш тартушы осы Қорқыт бабамыздың өзі болған. Қорқыт ата туралы бірден-бір жазба дерек деп саналатын «Қорқыт ата кітабы» былай басталады. «Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң оның барлық болжамдары қатесіз болған. Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған»

Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек ең қауіптісі-адамшылықты жоғалтпау. «Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты судың ағысты жалғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы, сиқыршы желмаясы болды.

Қорқыттың «Ұшардың ұлуы», «Желмая», «Қоңыр», «Қорқыт», «Аққу» т.б. көптеген күйлер бар

Қорқыт бейнесі даналықтың ерліктің айғағындай болып, оның күйлері ұрпақтар көкірегінде мәңгі жасайды.
Олай болса, күй құдіретінің күйші Қорқыттың мәңгі өлиейтіндігіне, болашақ ұрпаққа жол табатынына сеніміміз мол демекпін.
ответил от Данчик

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов