Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Бір  сабаққа  бірнеше модульды  қалай  енгізуге  болады?
спросил от Данчик в категории Наука, Техника, Языки

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бір  сабаққа  бірнеше модульды  қалай  енгізуге  болады?


        Бaрлық мұғaлімдер бaлaлaрғa білім беруде бaрыншa жoғaры жетістіктерге қoл жеткізу үшін қoлaйлы oртa жacaуғa тырыcaды. «Жaңa теориялық әзірлемелер зерделеніп, зерттеу нәтижелері  түрлі тәcілдер aрқылы cынып тәжірибеcімен бaйлaныcтырa қaрacтырылғaн, бұл  мұғaлімдерге coңғы жылдaрдaғы зерттеу нәтижелерін өз қaжеттілігіне пaйдaлaнуғa мүмкіндік береді».
    Бұл   бaғдaрлaмa   мұғaлімге    өте  көп ізденушілікті  тaлaп  етеді. Әрбір caбaғымды   жocпaрлaғaн  кезде  oқушылaрды  тoптaрғa  бөлу , oлaрдың күнделікті caбaққa   жaқcы   көңіл-күймен   қaтыcуы  мен үшін ең бacтыcы бoлып    oтыр. Бұрынғы  тәжірибемде   бaлaның   caбaққa   деген қызықпaушылығының   caлдaрын  жете  түсіне  білмедім.
                Тізбектелген  сабақтар  топтамасының  ішінде  өзім  сабақ беретін
1  "Ә"  сыныпта   оқу   сабақтарында  оқушылардың,  өз  ойын  жеткізуде  қысқа   жауап   қайтаруы, мәтіннің  мазмұнын  талдауда  сөздік   қордың аздығы   өз   ойын   толық  айта   алмауы, сыни  көзқарас   танытпауы   мені көптеген   бері  толғандырып  жүрген  мәселелердің   бірі  болатын. Осы  мәселелердің  шешімін  табуыма  деңгейлік  курс  бағдарламасы  бойынша алған  білімімді   мұғалімнің  кәсібилік  дағдыларынан,  қолдануды  жөн  көрдім.  Өзім   сабақ   беретін  1 "Ә" сынып  оқушыларының   көбісінің   ата -  аналарының  өзі  көбіне  үйде  орыс  тілінде  сөйлейді  немесе  оралман   ата аналарым   қазақ   тілін   білгенімен  оқып   жаза   алмайды . Әдеби  әңгіме кітаптарды,   ертегілерді  үйде   аз  оқиды. Сабақ  бағдарламасы  бойынша  берілген  тапсырманың   мазмұнын   өз   сөзімен  айтуға   қиналады. Сондықтан   оны   жаттап   алатындары   да   бар. Алайда   ол   жаттағанының бір  сөзін    ұмытса, оны  әрі   жалғастыруда   қиналады.  Кез - келген тақырып   бойынша  өз   пікіріңді   айт  деген   сауал   қойса, мүлдем   сөзге  шорқақ   жауап   береді.    Сондықтан   ана  тілі  сабағындағы  білім   беру мен   білім   алудағы   жаңа   тәсілдер   оның  ішіндегі  сыни  тұрғыдан ойлауды   ерекше   басшылыққа    алдым.   Себебі,  оқушылар   жаңа   ұғыммен   таныса  отырып,   оған   талдау   жасайды,   нанымды   дәлелдер  келтіреді  ,өз   ой  -  пікірін    айтады. Сонымен   қатар, оқушыға   нақты сұрақтарды    дұрыс   қоя   отырып, олардың   негізді   жауаптары   арқылы нақты   білім   қалыптастыруға  ықпал етуге  болатындығын  ойластырдым. Осыған  орай  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  ішінде  бірінші сыныпта    өткізетін  сабақ   жоспарын    сындарлы   оқыту   теориясына негізделген    бағдарлама     аясындағы    жаңашыл   идеялар    негізінде жоспарладым.Бұл   жердегі    мақсатым  шешендік    өнерге   баулиды, сөйлеу тілдерін   ,қиялын    дамытады.Ал   оқыту  нәтежелерім    барлығы: мәтіннің  мазмұнымен  танысады , тақырыптың  мазмұнын аша отырып , сындарлы  оқуға  жаттықтығады. ой-   өрісі, есте сақтау қабілеттері  дамиды.Балалардың  

көбі   бөлімдегі мәтінді сипаттап  бере  алады.Біразы  тақырып  бойынша  мәтінді  оқып   бере  отырып, мазмұнын сұрақ –жауап   арқылы   түсіндіріп, жекелеген     сөздерге    түсінік    береді.Мәтіннің   негізгі   түйінін жазып,қорытынды  шығарады. Соның нәтежесінде   барлығы: мәтіннің  мазмұнымен  танысады. Тақырыптың  мазмұнын аша отырып , сындарлы оқуға жаттықтығады, ой -   өрісі, есте сақтау қабілеттері, шығармашылығы  дамиды.  Осы  орайда  оқушылардың  білім алуына  ең  бірінші жағымды орта   құру  керек   деп    ойлаймын. Бұл әрекеттің өзі  топтағы   жағымды атмосфераның    орнауынан  жұмыстың      табысты   болуына, топ мүшелерінің     арасындағы     қарым  -   қатынастың    жақсара    түсуіне    өзі өзі    әсерін   тигізеді  ол   үшін    оқушылармен     сәлемдесу, түгендеу, сынып     бөлмесінің     тазалығына   көңіл  бөлу,сабаққа   дайындау  шаттық шенберін    құрып ,төрт    шумақ    өлен    жолмен   амандасып,  оқушыларға  жағымды  тілектер  айту  арқылы сабағымды  ұйымдастырамын.    Сынып  пен   топ   ережесін   жасап, сол   ережеге   бағыну    керектігін    алдын - ала түсіндіремін.  Постер, кластер   жасауда   оқушылар    өздігінен    ізденуіне, топпен  бірігіп  ынтымақтастықта жұмыс істей алуына ықпал   етеді  . Өздігінен   жұмыс    істеу    арқылы       оқушылардың  түсіну, бағалау және   оқу     тәжірибесіне    қадағалау   жүргізу   қабілеттері  дамиды.    Өз   бетінше жұмыс    жасаулары   кезінде    дербестік     беруге    баса   назар   аударып,   өзім   топты сырттай бақыламақпын. Оқушыларды    толық   сабаққа   қатыстыру   үшін жұппен,   дербес    жұмыстар    жүргіземін .  Мысалы, топпен    жұмыс  пәнге деген        қызығушылықтарын  арттырады,   алынған   нәтижелерді  қадағалайды,  қателерді     түзете    отырып      бір   -   біріне   ұсыныс  береді. Ол     ұсынысты     алдын - ала     критерилер   қою    арқылы    айқындаймын.
Тізбектелген   сабақтар   топтамасында    түрткі    болуы    ол     белсенділіктері   төмен   оқушыларға    сұрақ    қою   арқылы   сабаққа    қатыспай   отырған    оқушыларды   белсенді  оқуға  тартамын ,жекелей  карточкалар  беру  арқылы    сабаққа  қатыстырамын, басқаға    бағыттау   сияқты   сұрақ   түрлерін   пайдаланамын. Оқушылардың   оқу   барысында   диалогтік   жұмысқа   үйрете  отырып, сыни   тұрғыда    ойлану,  өз      бетімен   ізденіп     жұмыс    істей   білуге  дағдыландырдым.
ответил от Данчик

Похожие вопросы