Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Өмірі ұрпаққа үлгі
 
     Алаш партиясының ғана емес, күллі алаш жұртының баласы болған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ардақты да, айбарлы зиялы қауымның көшбасшысы - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды.

     Саналы ғұмырын елім деп, жерім деп ұлттық автономия құруға арнаған Әлихан Бөкейхановты дара тұлға десек те қателеспеспіз деп ойлаймын. Әсіресе кеңес үкіметінің тұсында, қиын-қыстау күндерді басынан көп өткерсе де алаш жұрты үшін жанын беруге даяр тұрды.

     Кейінгі ұрпақ яғни, біз өз келешегіміздің жарқын да, жарық болғаны үшін, бүгінгі тәуелсіздік таңында біршама мұраларды қалдырған зиялыларымызға қарыздармыз.

Алаш ұлтының көсемі болған Ә.Бөкейхановтың ұрпаққа бірден-бір үлгі болар ісі – туған жерге деген, ұлтына деген патриоттығы. Ол жеке мемлекет болуымыз үшін нағыз патриот бола білді және оны насихаттауда еш қаймықпады. Оның  «тірі болсақ – алдымыз үлкен той. Алаштың баласы  бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» деген сөзі болашаққа деген нық сенімін көрсетіп тұрған жоқ па?!

     1917 жылы ұлттық автономия құру идеясы  қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятып, қазақтың басын біріктіріп, «Алаш» деген ұғымды таныта білді. Сол тұста кеңес үкіметі Алаш мемлекетін автономия деп қараса, ал біздің Ә.Бөкейханов бастаған зиялы қауым өкілдері нағыз мемлекеттің іргетасын құйып жатты. Іргетасы қаланған мемлекет қазіргі жетістігіміз – Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті болатын.
     Алаш үкіметін құру жолында жасаған еңбектеріне қарап, сол тұстағы алаш зиялыларының әрқайсысының еңбегі бір төбе екенін байқауға болады. Әлихан Бөкейханов көшбасшы ретінде соңына осыншама  жүректері «қазақ» деп соққан зиялыларды ерте білуі айтуға оңай болғанымен, сол кезеңде жасалған үлкен ерлік.

     Әлихандай тұлға қазақ жұртына мың жылда бір рет туылатыны да хақ. Жастайынан өзінің дарындылығымен көзге түсе білген, өз бетімен орыс тілін үйреніп, білімін шыңдаған. Қоғамдық іс-шараларға белсене араласа жүріп, қазақ халқының тарихын, мәдениетін зерттеуге үлес қосты. Сонымен бірге өзінің саяси көзқарастары мен талаптарын нақты түрде қоя білді. Қаймықпас жігері бар, қазақ деп соққан жүрегі бар, келешек ұрпаққа деген сенімі бар қайсар тұлға, көшбасшы, көсем ғана емес мәңгі бітпес дастан дер едім.

 Бүгінгі ұрпақ өмірін өнеге етер Әлихан Бөкейханов бастаған зиялы қауым өкілдерінің қоғамдағы белсенділігімен қатар, ұлт ретінде қалыптасуынан қорыққан  большевиктік кеңес үкіметі жалған жала жауып, түрлі құйтырқы әрекеттерге дейін барған болатын. Қаншама қиындықты көрсе де еш жасымай, ертеңгі күнге деген үміттері сөнбей, жазықсыз атылып кете барды.

Өз заманынан озық тұрған, ұлттық мемлекет құру жолында жазықсыз құрбан болған Әлихан Бөкейханов есімі - кейінгі ұрпаққа жасаған ерлігімен үлгі. Ол ерлік бүгінгі тәуелсіз Қазақстан болатын.

     Алашорда үкіметін құрып, ұлттың ұлт болып ұйысу жолында жасаған  ерлігіне, бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырған ерен еңбегіне қарап Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың есімі тарихқа алтын әріппен жазылуы керек деп есептеймін.
ответил от Данчик

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов