Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Азат елдің ар-намысы – Ата Заң!!!

«Конституция» - латын тілінен аударғанда «құрылыс» деген тмағынаны береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы. Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. Міне, осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.   Ал, Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937,1978,1993,1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Осыдан жиырма бір жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды.  Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 21 жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Қазақстан Республикасының Конституциясы ұлтаралык, дінаралық татулықты орнықтырады. Конституция бойынша дін бостандығы бекітіліп, оның   19-бабында» әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінген. Біздің қоғамымыздың діннің алатын орны ерекше. Ол арқылы рухани тәлім-тәрбиенің салауатты қоғам қалыптастыруда маңызы зор. Алайда, соңғы уақыттарда елімізге шет мемлекеттерден келіп еніп жатқан көптеген діни  ағымдар, қоғамдағы ұлтаралық рухани келісімге дақ тусіріп, қақтығыстар тудыруды көздейтін діни ұйымдардың республикамызда кездесетіні жасырын емес. Әділет  департаменттерінен ашылған діни ұйымдарды тіркеу мен олардың қызметіне мониторинг жургізумен айналысатын бөлімдердің құрылуы бұл саладағы соңғы жылдарда орын алған бейберекеттіктерді тыюға оң жағдай жасауға бағытталып отыр.

         Осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс- әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындатты.      Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің қамтылғанын айғақтайды. Біз ұлан-ғайыр байтақ даланы ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр бабаларымыздың асқақ аманатына адал болуымыз керек
 
       Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары  азамат Конституцияда  бейнеленген жауапкершілікті сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні  мен болашағы үшін, жалпы алғанда  өз Конституциямызды құрметтеп қорғап және маңыздылығын жоғалтпай сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Республикасындағы азаматтың міндеті мен парызы. Себебі, бұл Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы.

        Жалпы, ойымды түйіндейтін болсам, Конституция тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата Заңы болып табылады.. Ата Заңмен өмір сүру – демократияның жарқын көрінісі.
                                                

Джалаева Ләззат Әкімбекқызы   «Тау самалы» Дарынды балалар орталығы,   биология пәнінің мұғалімі
ответил от Данчик
0 голосов

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТІРЕГІ –АТА ЗАҢ!

Қамалова Нұршат Ерболатқызы - 10 «Б» сынып оқушысы

Ата-бабаларымыз қолданған дала заңы ежелден-ақ құқықтық саясатымыздың негiзi болғанын ұмытпауға тиiстiмiз. Біздің Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз. Осы әділ Заң аясында көп ұлтты Қазақстан халқы бір анадан туып, бір ананы емгендей тату-тәтті бақытты өмір сүріп, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып, байлығын молайтып, қорғаныс қуатын арттырып келеді. «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол», Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы сияқты тарихи дала заңынан бастау алған Ата Заңымыз қабылданған жылдар ішінде өзінің әділдігін, өміршеңдігін көрсетті.

Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр. Ата заң аясында алтын дала- Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда, әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының мәжілісінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақ Ата заңның басымдылықтарын баяндап берді. Бұдан кейін бүкілхалықтық талдау жариялау үшін жарияланған жаңа Конституцияның жобасы бойынша республика азаматтарынан отыз мыңға жуық ұсыныстар келіп түсті.

Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл- ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады. Біздің еліміз Ата Заң аясында тарих үшін аз жылдың ішінде әлеуметтік- экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан, саяси тұрақтылық берік қалыптасқан, іргесі мықты, айдынды ірі мемлекет ретінде дүниежүзіне танылды.
Мұның бәрі Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, алысты болжайтын кемеңгер Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығының, салиқалы саясаттың, оның басшылығымен бүкілхалықтың Референдумда қабылданған еліміздің Конститутциясының әділдігінің нәтижесі. Бұл орайда Ішкі істер органдарының қызметкерлеріде Ата Заң аясында, Елбасымыздың «Қазақстан-2030» стратегиясын, халыққа Жолдауын жүзеге асыра отырып, тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздің байлығын молайтуға, қорғаныс қуатын арттыруға өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.

Конститутция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізгі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады. Конститутцияда адамның жеке бас бостандығы, жеке өміріндегі құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдығы рөлі айқын тұжырымдалған. Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуымыздың құқықтық қайнар көзі ретінде танылады.
Жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының Ата Заңы біздің еліміздің дамуына жол ашып, жаңа тәуелсіз мемлекет буынының бекуіне себеп болды. Сан жылдар егемендікке қол жетпей, аңсатып келген азаттық Елбасының салиқалы да сарабдал саясатының арқасында бізге бұйырып отыр. 1995 жылғы жаңа қабылданған Конститутция Президент лауазымына үлкен міндеттер мен зор жауапкершілік жүктеді. Ата Заңда атап көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Президенті – халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы, азаматтар және адамдар құқығы мен бостандықтарының нақты кепілі.

Қазақстан Республикасының Парламенті қабылданған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін Ата Заңымыз жаңа сипатқа ие болып, еліміздегі демократиялық реформалар тереңдей түсті. Ішкі істер органдары үшін маңызды конститутциялық принцип азаматтар құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеу болып табылады.Негізгі құқықтар мен бостандықтар шектелмейді. Адамның бостандығы олардың жасаған әрекеттері тек заңға қайшы келгенде ғана, Қазақстан заңнамасына сәйкес, сот арқылы шектеу қойылмақ. Өйткені, біздің ең бірінші міндетіміз адам өмірін сақтау және оның құқығы мен бостандығына нұқсан келтіруге жол бермеу. Қазақстан Республикасының азаматы болсын немесе басқа елден келген қонақ болсын мейлі, біз адамға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін әрқашан қызмет атқарамыз.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Ата Заң неше тараудан, неше баптан тұрады?
ответил от challnet

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов