Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қазір бойжеткендердің көбі бетін ай сайын салонға барып тазартып жатады. Ал енді біреулер бетімді тазалатсам, химиялық заттармен бүлдіріп, зиян келтіріп аламын ба деп қорқады. Салонға барып бетті тазалатқан қаншалықты орынды?
спросил от Айнура в категории Красота и Здоровье

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бетті тазаласа бет терісі бүлінеді дегенге дәрігер-косметолог ретінде келіспеймін. Салонға келіп бетін өмірі тазалатып көрмеген қыз бен бетін үнемі тазалатып тұратын бойжеткеннің бетінде едәуір айырмашылық болады. Бүгінде медицина да, косметология да дамыды. Химиялық заттармен бетімді күйдіреді дейтін қорқыныш жоқ. Қазір салондардың бәрі бетті шөптерден жасалған косметика арқылы тазалайды. Ол беттің қан айналымын жақсартады. Екіншіден, микроскоппен ғана көруге болатын тері тініндегі қажетсіз заттарды алады. Одан бет жалтырап, сергек күйге енеді. Кейде қыздардың қорқатынындай-ақ бар. Кейбір салондарда беттегі дақ пен безеуді пилингпен күйдіріп, адамның бір қабат терісін сылып түсіреді. Бұл – зиян. Бір қабат теріні ерітіндімен күйдіру – ол сонау 1992 жылғы әдіс. Күйдіргеннен кейін адамның беті таза, әдемі болып жүреді. Ал бір айдан кейін дақ пен безеу қайта шығып, тіпті көбейіп кетеді. Өйткені, адамның терісі үш қабат қалыңдықта. Бір қабатын сылып тастаған тері өзінің қорғаныс қабілетінен айырылады. Әрі безеу мен дақты алдырып тастаймын деу бос әурешілік. Ол үшін ішкі органдарды емдеп, дұрыс тамақтануды жолға қоя білу керек.
ответил от Айнура

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ