Пиццаның қамырын дайындау үшін:
Ұн – 1 стақан (200 мл)
Алдымен 2 шәй қасық ашытқыға 10 ас қасықтай ыстық су құйып, үстіне 2 ас қасық ұн салып 20 минутқа қойып қоямыз.
20 минуттан кейін, 1 стақан ұн мен тұзды араластырып, үстіне дайын ашытқы мен жарты ас қасық сұйық май құйып қамырды илейміз.
Егер қамыр сұйық болып кетсе аздап ұн қосыңыз, ал егер қаттылау болып кетсе аздап су құйыңыз.
Дайын қамырды екіге бөліп, үстіне орамал жауып 2 сағатқа қойып қоямыз.
Екі сағаттан кейін көтерілген қамырды оқтаумен жайып, үстіне алдын ала дайындап қойған көкөніс, ірімшік, шұжық т.б. тағамдарды саламыз.
Пиццаны қызып тұрған пешке 25 минутқа салып қоямыз.