Цезарь салаты
Ингридиенттері:
• Тауық еті 500 гр.
• Айсберг салаты 1
• Крекерлер
• Пармезан ірімшігі 150гр.
• Черри қызанағы 7 дана
• Авокадо 1
• Жұмыртқа 2 дана
• Майонез 1 шәй қасық
• Горчицы 1 шәй қасық
• Оливки майы 1 шәй қасық
• Сарымсақ 3 тілім
Дайындалуы:
Черри қызанақтарын жуып, екіге бөліп тұз қосыңыз. Тауық етін қайнатып, майда төртбұрышты етіп тураңыз. Авокадоны қабығын тазалап, майда етіп кесіңіз. Жұмыртқаны пісіріп, майда етіп тураңыз. Крекерлерді және де басқа барлық ингридиенттерді майонезбен қосып араластырыңыз. Бетіне ірімшікті үккіштен өткізіп себіңіз. Сіздерге ұнайды деп ойлаймыз.
Астарыңыз дәмді болсын!!!