Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Сүзбелі қамырдан шие пирогы дайындау
спросил от Айнура в категории Закуски и Салаты

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Сүзбелі қамырдан шие пирогы
Ингридиенттері:
•    150 гр. маргарин
•    150 гр. ұн
•    150 гр. сүзбе
•    180 гр. шекер
•    500 гр. шие
•    10 гр. желатин
Дайындалуы:
Маргаринді мұздай күйінде кесіп, ұнмен қосып илеңіз. Оған шекер мен сүзбені қосып, пленкаға орап жарты сағатқа мұздатқышқа қойыңыз. Мұздай болып қатқан шиелерді қазанға салып, үстіне шекер салып отты орташа етіп қойыңыз. Шекердің мөлшерін шиенің қышқылдығына қарай қосуыңызға болады. Оған су қосудың қажеті жоқ, өйткені қайнағанда шиеден жеткілікті шырыны бөлініп шығады.
Бөлек ыдыста желатин мен 50 мл суды 10-15 минутқа ерітеміз. Шие қайнағанда үстіне еріткен желатинді қосыңыз. Қоспаны біртекті болғанша мұқият араластырыңыз. Содан соң салқын жерге бөлме температурасына дейін суығанша қойып қойыңыз. Қамырды 0,5-1см етіп, пісіру үшін кесіңіз. Қамыр көтеріліп кетпес үшін, шанышқымен бірнеше жерден тесіңіз. Қыздырылған пеште 180 градуста 15-20 минутта қамырды қызғылт түс болғанша пісіріп алыңыз. Піскен қамырдың бетіне сұйықтықсыз шиені салыңыз, қалған жартылай фабрикатты мұздатқышқа қойыңыз. Шие шырыны мұздатқышта сәл қатқан кезде, бірақ қатты қатпай сұйықтау болу керек, пирогтың үстіне құйыңыз. Содан соң бірден пирогты мұздатқышқа қойыңыз.
ответил от Айнура

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ