Алмамен рогалик
Ингридиенттері:
• Спрайт 1 банка
• Қатпарланған қамыр 2 дана
• Алма 2 дана
• Шекер 1 стакан
• Маргарин 300 гр
• Ванилин
• Корица
Дайындалуы:
Алманы тазалап, ұзын етіп кесіңіз. Қамырды диагональды етіп әр пластинасын кесіңіз. Әр кесілген қамырға алманың тілімін қойыңыз. Рулет сияқты ораңыз. Маргаринді шекермен қосып, ерітіңіз де оған ванилин қосыңыз. Рогаликтерге себіңіз. Спрайт қосып, корицаны себіңіз. Духовкаға орташа температурада 25-30 минутқа қойыңыз. Сонымен рогаликтеріңіз дайын.
Асыңыз дәмді болсын!!!