Тауық еті, фасоль және ірімшікпен салат
Ингридиенттері:
Қайнатылған тауық еті — 300 г
Фасоль (қайнатылған немесе консервіленген) — 200 г
Ірісмшік (қатты) — 150 г
Жүгері (консервіленген) – 400 г
Маринатталған қияр – 3-4 дана
Қара нан – 3 тілім
Сарымсақ – 1 тілім
Тұз, майонез, бір бума петрушка
Дайындалуы:
1. Сарымсақты тазалап, майда үккіштен өткізіңіз немесе пресстен өткізу керек. Қара нан тілімдеріне тұз және сарымсақ жағыңыз. Төртбұрышты етіп турап, майсыз тапада кептіріңіз. Тауық етін кішкентай етіп тураңыз.
2. Маринатталған қиярды төртбұрыштап тураңыз. Жүгерінің суын төгіп тастаңыз. Ірімшікті жұқа, қзын тпі тураңыз. Пе рушканы жуып, кептіріп, ұзын тамырларын алып тастап, майда етіп тураңыз. Үлкен ыдысқа тауық етін, фасоль, ірімшік, жүгері, маринатталған қияр, петрушка, қатқан нандарды, тұз, майонезді қосып араластырыңыз.