Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Пигментті дақтар қара дақтар, беттегі дақтарды қалай кетіруге болады?
спросил от Айнура в категории Коррекция веса

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Пигментті дақтар!!!

Жүктіліктен кейін, экология әсерінен, дәрі қабылдаудан немесе сапасыз бет күтімінен пайда болатын пигментті дақтарды кетіру көп қыз-келіншектердің мәселесі. Оны кетіремін деп әр түрлі парфюмдік заттарды қолданып, одан әрі асқындырып алып та жатады. Негізінен табиғи заттарды қолдану парфюмдік құралдарға қарағанда әлдеқайда арзан, оңай, әрі сенімді. Табиғи заттарды қолданғаннан пайда көресіз немесе ең болмаса еш нәтиже болмас, бірақ зияны жоқ. Сол, нәтижесі ұнамды болу үшін жақсы маска таңдай білу керек. Пигментті дақтарды кетіру үшін, теріні ағарту үшін картоп жеткілікті. Ол бет терісін жұмсартып, біркелкі етіп, ағартып, безеулердің алдын алады. Картопты кесіп жәй ғана бетіңізге қойып жатсаңыз болғаны. Бірақ одан да жақсы нәтиже көргіңіз келсе, картоппен бірге басқа заттарды қосып маска жасауыңызға болады.

•    Картоп пен лимон шырыны маскасы.
Бір дана, орташа, таза картопты майда үккіштен өткізіңіз. Матаға орап, суын сығыңыз. Бір ас қасық лимон шырынын қосып, араластырыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен, жәй жуып тастаңыз.

•    Картоп пен пияз шырыны маскасы
Бір дана, орташа, таза пияздың жартысын майда үккіштен өткізіңіз. Пиязды матаға орап, сығып шырынын алыңыз. Бір дана, орташа, таза картопты майда үккіштен өткізіп, матаға орап, суын сығыңыз. Картоп пен пияз шырынын араластырып, бетіңізге жағыңыз. 10 минуттан соң жылы сумен, жәй жуып тастаңыз.

•    Картоп пен сәбізден маска
Орташа картоп және кішкентай сәбізді алып, майда көзді үккіштен өткізіңіз. Картоптың шырынын сығып алыңыз. Картопты сәбізбен араластырып, бетіңізге жағыңыз. Бөлек ыдыстағы картоп шырынына дәкені малып, бетіңізге масканың үстіне жабыңыз. 25 минут ұстап, содан соң салқын сумен жәй жуыңыз.

Ескерту: маскаларды жаққаннан бетіңізде жайсыздық сезілсе, аллергия сияқты ашыса, қышыса, қызарса тез жуып тастаңыз. Маска бетіңізде кепкенде, бетіңізді қимылдатпауға тырысыңыз. Өйткені қатып тұрған тері сынып, әжім түсіруі мүмкін.
ответил от Айнура

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ