Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:
E) Бастилияның алынуы
спросил от Zhanat в категории Общество

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
1789ж. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:Бастилияның алынуы
ответил от Amina
0 голосов


Француз революциясы, Ұлы француз революциясы, Француз төңкерісі — 1789 — 1794 жылдарыФранциядағы феодалдық-абсолюттік құрылысқа ауыр соққы беріп, капитализмнің дамуына жол ашқан буржуазиялық-демократиялық көтеріліс. 18 ғасырдың соңында Францияда жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіргіш күштер мен ескі феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар шиеленісе түсті. Елдің эконикалық жағдайын мемлекеттік қазынаның сарқыла бастауы, сауда-өнеркәсіптік дағдарыс, құрғақшылық әрі қарай ауырлатып, 1788 — 1789 ж. аса қиын ахуал қалыптасты. Оның алдын алу мақсатымен король Людовик XVI 1789 ж. 5 мамырда Версальда Бас Штаттарды шақырды. Оған ақсүйектерден 300, діни мекемелерден 300, үшінші сословиеден (қарапайым халық) 600 депутат қатысты. 1789 ж. 17 маусымда үшінші сословиенің депутаттары өздерін бүкіл ұлттың өкілдері деп мәлімдеп, өз жиналыстарын ұлттық, ал 9 шілдеден —Құрылтай жиналысы деп жариялады. Өкіметтің бұл жиналысты қуып тарату әрекеті халық көтерілісіне әкеп соқты. Король Бас штаттарға жиналыс өткізуге тыйым салғаннан кейін үшінші сословиеден шыққан депутаттар мен оларды қолдаушылар сол кезде бос тұрған Әулие Яков шіркеуіне жиналып, саяси мәселелермен айналысты. Сондықтан Яков шіркеуіне жиналғандарды халық-яковиншілер деп атады. 1789 ж. 14 шілдедегіБастилияға тікелей шабуыл жасау Француз революцияның бастамасы болды. Феодалды-абсолюттік құрылысқа қарсы күресте буржуазия, шаруалар мен қала кедейлері бірігіп кетті. Бұл бірлік 1789 ж. 26 тамызда Құрылтай жиналысы қабылдаған “Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан” көрініс тапты. Онда ұлт жоғарғы өкімет билігінің қайнар көзі ретінде жарияланды.

ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов