Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Жанатбеокова в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Қазақ халқын өзге ұлттардан ерекшелендіретін дәстүрлерінің бірі және қатаң генетикалық заңы – экзогамия. Яғни бір қауым мүшелері арасындағы некеге тиым салу, қан араластыруға (инцест) жол бермеу. Біздіңше, ата-бабаларымыз осы салтты тым ертеден-ақ қолға алса керек. Олардың кейбір жұптардан балалардың дені сау, ал кейбіреулерінен дімкәс немесе мүгедек болып туылатынына назар аудармауы, ойланбауы мүмкін емес. Өздерін «жылқы мінездес» деп айтатын, бүкіл өмірлері ат үстінде өткен аталарымыздың қан араластыруға жол бермеуіне жылқы да өз әсерін тигізсе керек. Ал жылқы ешқашан қан араластырмайды екен. Тай, ересек құнаннан дөнен шығып, «апа-қарындастарына» мекіренер жасқа жеткенде үйір егесі – кексе айғыр оны талап, теуіп-тістелеп үйірден қуады. Сондықтан ол басқа үйір іздеуге мәжбүр болады.Біздің дәуірімізге дейінгі 7 – 6 мыңжылдықтарда Солтүстік Каспий далаларында зороастризм діні таралған екен. Бұл дінді ұстанатындардың арасында туысқандар түгілі, әкесі қайтыс болса, баласы анасына үйленетін бір жабайы дәстүр болған. Одан кейін жерімізге тарала бастаған буддизм, христиан, манихейлік, тіпті ислам діндерінде де жеті ата санамалау көрінісі байқала қоймайды. Мыңдаған жылдар ішінде жерімізге таралған осыншама діндердің ықпалына ұшырамаған қазақ халқының бірден-бір салты – ол осы жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі. XVІІ ғасырға дейін осы мәселенің қалай шешілгені біз үшін көмескілеу. Ал Тәуке ханның (1626 – 1718) тұсында жасалған Қазақ хандығының басты заңы «Жеті жарғыға» халқымыздың осы бір тамаша дәстүрі бір бап ретінде еніп, ресми түрде бекітілген. Осы кезден бастап әулеттің арасы жеті ұрпақтан асқанда бүкіл үш жүзге сауын айтылып, осы үш жүздің өкілдері қатысқан жиында оларға ресми түрде ру статусы беріліп отырған. Бұл дәстүрдің берік сақталуы ел ақсақалдары тарапынан қатаң бақылауда болған. Дәстүр бұзылған жағдайда үлкен дауға айналып, оны бұзған адамдардың арасы алшақтау болса, боз бие сойылып, ескерту айтылып, екі жасқа бата берген. Аралары тым жақын болса, кейде өлім жазасы тағайындалып, немесе кінәлілер елден аластатылған.
ответил от Жанатбеокова

Похожие вопросы