Толқынсың қандағы...
Cол бір кез жадымда ,
Мәңгілік қалғаны.
Айналып сағымға ,
Әуреге салғаны.
Ең әсем ару қыз,
Биіктеу талғамы.
Бағынтты қарусыз,
Қиыла қалғаны.
Күлімдей күн болды,
Бас шіркін айналды.
Жымиса түн болды,
Шешен тіл байланды.
Өн бойы сұлулық,
Сусынын ұсынды ,
Қарадым құнығып ,
Қия алмай мүсінді.
Көздерін төңкеріп ,
Назданды нұрлана .
Көрместі көз көріп ,
Қараймын ұрлана .
Жүзіңде мейірім ,
Ақ көңіл жаным-ай.
Ерекше кейіпің ,
Сен тұрдың танымай.
Тіл қату мұң еді ,
Аты да белгісіз .
Бір өзі мың еді ,
Мың қызға бергісіз .
Сүйкімді сымбатты ,
Барады тартып-ай.
Қылығы қымбатты ,
Өлтірді жартылай.
Бейнебір гүл едің ,
Жүзіңді жасырма.
«Бақыт» қой тілегім ,
Жете бер ғасырға.
Сусынын ұсынған ,
Сол мөлдір кезің-ай. 11
Ұялған , қысылған ,
Сол бір пәк сезім -ай.
Өтті өмір аңсаумен ,
Жырыма бөледім.
Шөлдеумен , шаршаумен ,
Сені іздеп келемін .
Айқын ғой тілек те ,
Толқынсың қандағы...
Тым жақын жүрекке ,
Ауырлау салмағы...