Қадірін сірә білдік пе ???
Атаның қадірін білдік пе ?
Перзент деп өтті-ау өмірден.
Ұсталық етіп күндікке,
Темірді түйген темірден .
Бір ауыл елдің бірлігін ,
Бір ауыз сөзбен ұстаған.
Көрсеткен тағы ірілігін ,
Сұсынан шыбын ұшпаған.
Ағаштан ою өргені ,
Ел жүгін өтті-ау арқалап .
Қиындық болды-ау көргені ,
Жатпады-ау бір күн шалқалап.
Атамыз «Әулие» атанды ,
Қобызбен әруақ тербетті.
Сүюші еді Отанды
Қария еді келбетті.
Әженің қадірін білдік пе?
Бой ұрған күн-түн тірлікке.
Ай болып қарап түңлікке,
Ұйтқысы болған бірлікке.
Арқалы болған әжеміз
Намысшыл , текті жан болған.
Қанымыз содан сеземіз,
Беделі елде ән болған.
Әжелер әруақ тербеткен ,
Қорғапты барлық ырысты.
Бақытын тауып еңбектен ,
Арды ойлап , ұят деп тырысты.
Немере жақын ұлынан ,
Сүйегін берер етін жеп.
Әжімдерінен сыр ұғам ,
Өмірдің күйі шертілмек.
Әкенің қадірін білдік пе?
Қаталдау болды сұсымен .
Ақылын сірә ілдік пе?
Ұшқанда бақыт құсымен ,
Жастықтың жалын күшімен.
Өмірге бейімделсін деп ,
Суықтау күйге түсті анық. .9
Қадірімді кейін білсін деп ,
Қалдырды өнер ұсталық. .
Жалғасын тапқай ұшталып.
Жүрегін бізге арнапты ,
Ұйықтасақ барлап өтетін.
Ақылды бопты жан жақты ,
Кімім бар оған жететін?
Түсіндім кештеу өте тым.
Жігіт боп өтіп өмірден ,
Қиналған сәтін айтпапты.
Түйінді түйіп темірден,
Бір алған беттен қайтпапты.
Көңілі қай кез жай тапты?
Ашуға мінсе , қайту тез,
Әкеміз асыл , кең еді .
Сағыныш екен сол бір кез ,
Жүрегім аңсай береді.
Асқар тау әке керегі.
Шежіре айтты нұсқалық ,
Біз үшін ұлы , тұлғалы...
Әкеміз біздің күшті -алып,
Қыранға арман шыңдары...
Өзіне тартар ұлдары....
Ананың қадірін білдік пе?
Жанының қиды-ау жартысын.
Көз ілмей тағы тірлікте,
Арнады-ау бізге бар күшін
Кезіміз бар ма елеген?
Бағыштап құран жүрміз бе?
Беріп еді асын жемеген,
Әйтеуір жүрген тіріміз бе?
Отқа да түсіп , су кешіп ,
Намысты , ұятты жақтады.
Жабылмасын деп қу есік ,
Отанын адал сақтады.
Жалаңаш етке сым киіп,
Ерлердің ісін атқарды.
Анамыз әулие , тым биік ,
Жүрекке ұрпақ сақтар-ды.
Ағаның қадірін білдік пе?
Еркелеу өстік ес кірмей . 10
Жөн айтса тағы күлдік те ,
Ақылын әркез еш ілмей.
Үлкен ұл әке есебі ,
Бауырдың қамын ойлаған.
Ер жетсе «ерке» кешегі ,
Тойын да бірге тойлаған.
Кешкілік сәтте саз үні ,
Баурап ап бойды кететін.
Бәлкім ол аққу қаз үні ,
Жаныңды жайсаң ететін.