Жан сая.
Жаңбыр жауып төгілетін секілді,
Жаным аңсап ақ жауынын өтінді.
Жүрегімнің алып ұшып аңсары,
Самғап ұшып сая баққа бекінді.
Саябақтың сиқырынан сүріндім,
Дамыл таппай үдеуінде дірілдің.
Тамылжыған табиғатқа тартылып,
Жапыраққа жүрек болып іліндім.
Құрақ көлбеп, жеміс ағаш сый тосты,
Келіншек тал тербелумен күй қосты.
Ақ қайыңдар биші болып кеткенде,
Құшақ жайған көрдік ағаш-шын досты.
Қоштасарда қимай көзге жас алып,
Құштарлықтың сезілген-ді басы анық.
Тас мүсіндер сағынышты сездіріп,
Махаббаттан гүл өрілген қашалып.
Күн еңкейіп, қас қарайды сол замат,
Тылсым күйге көшті әсем мол ғажап.
Жанға жақын жылылықты жамылып,
Ен байлықты келе жаттық олжалап...
27.10.2009жыл.