Ақ таң.
Ақ таңға сені ұқсатам,
Ауадан сені сезіндім.
Соншалық сұлу, қысқа таң,
Куәсі мөлдір кезімнің.
Керемет көркем келбетің,
Нұр сәуле болып құйылды.
Жақсылық күтер жер бетін,
Таң болып көру бұйырды.
Жапырақ жүрек талдағы,
Дірілдеп кетті желменен.
Сағыныш саған самғады,
Аңсарым ауып дембе дем.
Талдарға қарап иілген,
Сағыныш баста сырлы әдет.
Көңілім көкке сүйінген,
Сен болып қарап тұр ма деп.
Жылылық тауып жүрекке,
Сезіндім сені жан жақтан.
Айналған сезім тірекке,
Бүгінгі әсем таң да атқан.
Сабақты болар сәтті ине,
Өзіңмен өткен шақтарым.
Тап-таза әппақ пәк күйде,
Жүректе сені сақтадым.
21.10.2009жыл.