Ана-өмір.
Жарығым-ау абайлап жүрсең еді,
Асығасың өн бойың белсенеді.
Болашақтың бақытын уайымдайсың,
Өз жайыңды бір сәтке білсең еді.
Жер шарына ұқсайтын сияқтанып,
Жібердің ғой көңілден күй ақтарып.
Бүкіл әлем қозғалыс заңдылықта,
Адам қалай тұра алар тұрақталып?
Жақсылықтан үзілмес байланысың,
Өмір қанат күреспен жайғаны шын.
Ана ғана ғажайып жаратылыс,
Жаралғандай ұрпағын ойлауы үшін.
Елестетіп алаңдар арғымақты,
Ана көңілі бір сәтке қалғымапты.
Күні түні көтерген тауқыметін,
Жаным сезіп, жүрегім мәңгі ұнатты.
Өмір сырлы беймәлім сынағымен,
Өмір тылсым жауапсыз сұрағымен.
Адам мұзға айналып кетер ме еді,
Жылынбаса ананың шуағымен???
13.10.2009жыл.