Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Ақ тілек!

Дауысыңды есітіп, қуандым,
Амандығыңа жұбандым.
Қасиетіңді құп алдым.
Қиналған сәтте қуатсың,
Мұңайған сәтте шуақсың,
Тектілігіңді ұға алдым.

Жанымды сырттай сезерсің,
Көңілімді іздеп кезерсің.
Қиындықтарға төзерсің
Бақытпен жүрсің балбырап,
Кездесіп сенімен жанды бақ,
Өмірің-өрнек, өсерсің.

Өмірге сондай құштарсың,
Жақсылықтарды нұсқарсың,
Қайғы мен уайым тыс қалсын!
Бейнетің көп қой онсыз да,
Жолама ұятсыз арсызға,
Өн бойың таза ұсталсын!

Дәл қазір қалай жағдайың?
Біле алмай тұрмын қандайын.
Тілеулес болып әрдайым
Жақсылығыңды күтем де,
Қолыңа кірер тікенге
Дайын ғой менің маңдайым.

Арманың алдан асықсын!
Өмірге сондай ғашықсың!
Дос сүйіп, сені қас ұқсын!
Жақсылық тілер әлемде,
Бақытты нұрға бөлен де,
Көңіліңді көлдей тасытсын!
                               01.09.2009жыл.
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Ата тілек  
     Айналайын Элъназам! Бесігің өзіңе құт болсын! Өмірің ұзақ,  денің сау болсын! Өмірді жақсылығымен жалғастырар ұрпақ болса,  жанымның  кішкентай,  мөлдір, пәк, таза бір бөлігі өзіңсің!  Бақытың баянды, өмірің ел  өнеге тұтар аяулы болсын!

Бесіктен тапқан ұлылық!
Нәсіптен болар бағың да!
Есіктен кірген жылылық!
Тілекте, бата, арыңда!

Бесікті түзеу-ел болу!
Данамыз айтқан асыл сөз!
Бөлінбеу, бір боп, кең болу,
Көнеден келген нақыл сөз!

Бесігім – бақтың ордасы!
Бақыт пен байлық тұрағы!
Елімнің қымбат әр тасы!
Жері мен суы, құрағы!

Лүпілдеп соғар бұл жүрек,
Отанға махаббатымен!
Болашаққа біздер мың тірек!
Сөз берем жігіт атыммен!

Элъназа жатар тал бесік,
Нұрмахан ата бақыты!
Нәзипа апа жыр есіп,
Бөбекпен өтер уақыты!

Бесікпен келсін қуаныш!
Есіткен  көрсін бақытты!
Элъназа алтын жұбаныш!
Сыйлады жарқын уақытты!

Өмірлі болсын өренім!
Дені сау болып өрлесін!
Өнеге-тілек  өлеңім!
Еш жамандық көрмесін!

Элъназам күнім аяулы!
Нағашың тілек тіледі!
Бақытың болсын баянды!
Еліңнің болғын тірегі!                                          
                                                                           14.05.2013жыл.
ответил от Alyia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ