Өзіңде өмір бақытың.
Жақсымен сырлас өткен күн,
Өмірде немен тең келер?
Жақсылық ісің, жеткенің,
Алдыңнан шығып, өң берер.
Аз ғана мынау өмірде,
Сыйласу, сыйлау керегі.
Ертеңгі күнге сенімде,
Бүгінгі күннің дерегі.
Сананы шырмар ой серік,
Іздейді жүрек сыңарын.
Жан дүнием үнге кенеліп,
Сен жақтан табар ұнарын.
Құламас рухың тірегің,
Өзіңде өмір бақытың.
Лүпілдер соққан жүрегің,
Айқындар алтын уақытын.
Жылы сөз емдер жаныңды,
Өмірде барсың, жар салғын!
Қырандай қайсар таңыңды,
Көсем боп күліп қарсы алғын!
15.01.2010жыл.