Ғажап әлем.
Арманға қарай асықтым,
Үмітпен қарап ертеңге.
Адал адамға ашықпын,
Жан дүнием ынтық көркемге.
Еңбекпен келер жемісің,
Ынтымақ алға апарар.
Түсінісуге жетсе келісім,
Биікті ар мен ұят алар.
Өмірде бәрі өткінші,
Қарбалас тірлік қым қиғаш.
Жақсылықтарға жетсінші,
Қамқоршы жандар ұмытылмас.
Бір Алла тапқан ретін,
Бәріне қойған кезегін.
Қамқор боп сырттай жүретін,
Аяулы жанды сеземін.
Әлемнен тылсым сыр ұғып,
Қуаныштарға толдым мен.
Өмірді сүйіп, құнығып,
Өмірге ғашық болдым мен!!!
13.01.2010жыл.