Шың биік.
Сағындым да хабарластым дембе-дем,
Сағынышты жүрек мәңгі жеңбеген.
Ешкімменен сөйлескің де келмесе,
Соның бірі болғым сірә келмеген...
Тым жұмбақсың, жазылмаған парағым,
Өзіңді-өзің қинай берме қарағым.
Уайымыңды көтерермін мәңгілік,
Таңдап алған ең құпия аралым.
Бұлбұл сайрап, сен туралы сыр шертті,
Өзіңсің ғой демеушім де шын текті.
Сені ойласам көңіл кетті құлпырып,
Өзіңді аңсап, жүрек толқып, дір етті...
Үміт еттік, өмір сүрдік ертеңмен,
Көңілімді көрікті етер көркем бе ең?
Алыстағы ай аруға айналдың,
Жанға жақын жайқалатын өркенмен.
Жауап таппай мың бір тағы сұраққа,
Жыр демеушің болдым саған жырақта.
Шың биіксің көңіліңді құлатпа,
Жүрегімнің төрінде бол, тұрақта...
30.12.2009жыл.