Арман.
Сен менен ешқашанда алыстама,
Жүйріксің алда шабар намыстана.
Жүрегім тілегіңнен жылу сезіп,
Жүремін қиялыммен ғарышта да.
Сезіліп дидарыңның назданғаны,
Күндердің Жаңа Жылға аз қалғаны.
Көңілім көктем еді қыс келгенмен,
Өмірім тұр ғой жырмен басталғалы.
Туылғам сұлулыққа құштар болып,
Суынғам сатқындықтан бүгін толық.
Жаураса жалғандықтан жаным бір сәт,
Ойлаймын қалмаса деп сені тоңып.
Адамда таусылған ба арман шіркін?
Ғаламда толастамас күрес бір күн.
Өмірде табындырар биіктерді,
Ұрпағым бағындырар бәрі мүмкін.
Үміттің мәңгілікке сөнбесі анық,
Реттер бәрін уақыт жөнге салып.
Көсемдер көзге көкте көрінгенмен,
Түбінде бағалайтын дана халық...
23.12.2009жыл.