Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Алашқа асқақ ұран бол!!!
                
Шабыт тұлпардың жалына жүрсің жармасып,
Көңілің көктем дауылға тұрар алмасып.
Мойымағансың тағдырдай түрлі тартыста,
Намыспен тағы алға шық...

Жаралған жансың әділдік айтар күресте,
Қазақтың қызы аңыз боп түсер шын еске.
Аналық атың, тектілік затың көрінер,
Өлеңмен өрген үлесте...


Ер болып тумай егілген  кезің білінер,
Арыңдай таза  өлеңің көзге ілінер.
Жан жырларыңнан жаңалық іздер жамағат,
Ғажап әлемге ілігер...

Көңілдің көркін ашатын өлең сыры бар,
Демеуші көрер, жылылық тауып  жылынар.
Киелі өлең  өреңді  өрнек еткенде,
Қуаныш сыйлар  сыйлығы менен сыны бар...

Ақындық жолы  түп-түзу емес, бұраң жол!
Биікте самға, қасиет қамда, қыран бол!
Қанат боп талма, қазақты жалға ертеңге,
Алашқа асқақ ұран бол!!!
                                                                             14.03.2013жыл.
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов