Жыр-өмір...
Жаңбыр боп келді жыр көшкін,
Бақытты мөлдір күй кештім.
Жылылық толып жаныма,
Сағынта берді гүл – кескін...
Қанағат тұттым бәрін де,
Өнердің өстім өрінде.
Қарапайымдылықпен күй кештім,
Отырған жерім төрім де!
Ғажап қой өмір сезінсең,
«Ертең»-деп, «Ел»-деп көз ілсең.
Өзіңе өзің демеусің,
Өзіңе қорған өзің, сен!
Таң нұры неткен көрікті ең!
Сезімім мәңгі серік пе ең?
Арманың әсте бітпейді,
Қартаймас көңіл неліктен?
Сырластым күн-түн ғаламмен,
Құрдаспын мөлдір санаммен.
Өмірге ғашық боп өтем,
Мәңгілік жас боп қалам мен!!!
31.01.2013жыл.