Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Табиғат- өмір...

Ну орманда барлық ағаш сырласты,
Қайғы толып күрсінумен мұң басты.
Сөйлеп кетті көпті көрген қарт емен:
«Қайран өмір, мәңгі бақ та тұрмас-ты...

«Мыңдаған жыл өмір сүріп келемін,
Майыспайтын қайсар қатты өр едім.
Балта деген сұмдық шықты естідім,
Жас өркенге тым алаңдай беремін...

Балталауды ойланбастан бастапты,
Табиғатты үрейлентіп, жасқапты.
Қорғанатын бұдан қандай амал бар»
Ағаштарда күндіз-түні бас қатты...

Тал басында сауысқан да саңқылдап,
Шыға келді  бәрі оны мақұлдап.
«Біліп келдім  темір екен түбірі,
Қолдаушысы нағашысы, аңқылдақ»


Барлық ағаш сұрау салды: «Кім екен?»
Біріне аға,  ал біріне іні екен...
Тым алыстап кеткен екен елінен,
«Көзден кетсе көңіл суыр» шын екен...

Ағаш екен ортасынан суынған,
Кеше ғана керексіз боп қуылған.
Тез өзгеріп шыға келді ағаштар,
«Өзіміз»-деп,  «өзімізден туылған...»

Ортасынан табар адам Меккесін,
Кімді аясын жаны запа шеккесін?
Ұрпағыңды көзден таса етпегін,
Алыс жақта жат бауыр боп кетпесін!!!
                                                                                   10.10.2012жыл.
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Табиғат - өмір...

Қар түсті әппақ сезім сияқтанып,
Жіберді көңілімнен күй ақтарып.
Бар дүние тазалықпен талықсиды,
Имандылық әлемінен құлақтанып...

Қар ұшқын қытықтады бетке қонып,
Табиғатта біткендей өкпе  толық.
Қар басқан ағаш басын, қызығасың,
Жете алмай  сұлулыққа көзбен шолып...

Әппақ қар дидарыңды елестетті,
Өмір-ай шынында екен қар іспетті...
Қар болып қария да буға айналар...
Сәби боп ұшқынымен ырыс кепті...

Табиғат – ұлы ұстаз ұғына алсаң,
Сезесің тылсым күшін сұғына алсаң.
Бұл кезең түсінбеске  қара түнек,
Бұл дүние түсінгенге шұғыла алшаң...

Қар текті тазалықтан жаралмағың,
Сұлулыққа тартылдым қана алмадым.
Мөлдіреген мекенді жаным қалап,
Ынтызар боп өзіңе алаңдадым...
                                                                             29.11.2012жыл.
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ