Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Тақырыбы: «Жырлайды жүрек»

Мақсаты:
А)Оқушыларды қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру, шығармаларының мазмұнын ашу, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, әнін нақышына келтіре орындауға дағдыландыру.
Ә) Поэзиялық шығармаларда музыкалық үн ырғақты сақтау, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, эстетикалық талғамы бар мәдениетті, сауатты  оқушыны қалыптастыру.
Б) Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу, ұлтын сүюде, патриоттық сезімін қалыптастыру, қасиетті ұғымдарды қадір тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Ақынның суреті, кітап көрмесі, нақыл сөздер, бүктеме, плакаттар, сөзжұмбақ, слайдтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1 слайд. Әнұран орындалады
1 бөлім
 «Кең дүние есігіңді аш мен келемін»
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар! Құрметті оқушылар!
Бүгін  сіздерге 4 «Б» сынып оқушыларының күшімен еліміздің біртуар ұлдарының бірі, қазақ поэзиясында жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы «Жырлайды жүрек» атты тәрбие сағатын өткелі тұрмыз.
2 слайд.(Мұқағали суреті )
Оқушы:
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жыртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бүгінгі тәрбие сағатында сыр шертейік.
Оқушы:
Мен туған жер-Қарасаз баурайдағы.
Жалғанда жер біткеннің балқаймағы.
Есім кетіп жүргенде ес білдірген,
Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы.
Іркес-тіркес ағады қара сулар,
Қарасаң, сулар да да таласу бар.
Бұл суларға менің көп алғысым бар
Кисем-киім, ішсем-ас, көлік болған
Мендей ұлдың осы жер мыңын тауып,
Әлі күнге мыңына жерік болған-деп ақын өзі жырлағандай 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, Нарынқол ауданы, қасиетті Қарасаз ауылында дүниеге келген екен.
Оқушы:-Әкесінің аты-Сүлеймен, анасының аты-Нағиман, атасы-Мақатай, әжесі-Тиын, жұбайы-Лашын.
3 слайд.(Сызба арқылы көрсетіледі)

Көрініс: «Әке аманаты»

Оқушы-Автор:
1942 жылы, ақпан айында, 29 жасында әкесі Сүлеймен майданға аттанады. Мұқағали әкесіне ілесіп, Қызылбұлақ деген жерге дейін шешесі екеуі бірге барады. Сонда баласының егіліп жылағанын көрген Сүлеймен: (ол кісі Ақбілек деп атаған екен)
Оқушы-Сүлеймен:
Ақбілек, баланы жылатпа. Бар қиындықтың бәрі өзіңе түсері рас. Оған мойыма. Екеумізді дүйім жұртқа танытатын осы бала болар. Қолынан қақпа, апамның бауырынан тартпа.
Тыңда балам, тыңда күнім
Болуға жарап қолғанат.
Кәрі анаң, сәби інін,
Барлығы саған аманат.
Мен де сендей 10 жасымда,
Атадан жетім қалғанмын.
Аса ақылды  болмасам да,
«Аманатын» алғанмын.
Талпынып өмір шыңына,
Жетіп те мүмкін қаларсың.
Сен жас буын, жаңа тал,
Гүлің де өсіп шашылар,
Сарылып оқып, білім ал,
Сөнгенше сәулең асырар.
-Автор:
Он бір жасар Мұқағали әкесі соғысқа кеткеннен кейін үйге келіп, жер бауырлап жатып алады.
Сұм соғыс ешкімді де аямады
Соғыстан әке оралмады.
Оқушы:-Мұқағали өлеңді 10-11 жасында-ақ жаза бастаған. Алғашқы өлеңдерін майданға кеткен әкесі Сүлейменге арнаған, қазақтың қара өлеңі тәріздес болған.

Мінеки көп ай болды хабары жоқ,
Әкем келіп көңілімді аулар ма екен.
Әкеміз бір әкеден жалғыз ед,і
Судағы жаңа біткен жалбыз еді.
Мінеки көп ай болды хабары жоқ,
Біз дағы бір көруге зармыз енді.

Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес,ыстық сағынышы болатын.Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылай аттаған еді.
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Оқушы:-Менің есімімді әкем Мұхамедқали деп қойыпты. Әкем соғыста қаза болды. Мен бұл есімнің қадір-қасиетін білемін бе деген ой келді. Өйткені, бұл есім бүкіл адамзатты табындырған Мұхаммед Пайғамбардың есімі. Соны өзімше өзгертіп, Мұқасы мен Ғалиынын ғана алып Мұқағали деп өзгертіп алдым.
Оқушы-анасы:-Қарғам менің, оқуды тастамағын, қатарыңнан қала көрме-деп анасы Мұқағалиды оқуға аттандырады. Анасына қамқор болып оған қандай жақсылық жасасам деп толғанып жүрген кездерде «Шеше, сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келеді.
4 слайд.(Анасының суреті)
Оқушы:-Шеше,
               Сен бақыттысың!
               Жыламағын.
               Жай түсіп жатқанда да құламадың.
               Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
               Сондықтан жыламағын, жыламағын!
               Бармын ғой,
               Тірімін ғой,
               Қасыңдамын.
               Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
               Таусылып, өз-өзіңнен шашылмаған,
               Байырғы берекеңді қашырмағын!
               Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
               Өзім кепіл тот басып тозбасыма,
               Екі жыр жазсам саған бірін арнап
               «Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
               (Тәңірім кеше гөрсін кесірімді)
               Аспанға жазам  сенің есіміңді!
               Шеше!
              Сен бақыттысың,тербете бер,
              Құба талдан иілген бесігімді.....

Хор: «Құттықтаймын ана туған күніңмен»

2-бөлім.

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін».

Оқушы:-Ақиық ақынымыздың өлең жырларына тоқтатылып өтейік. Мұқағалидың шығармашылығында соғыс тақырыбына жазған өлеңдерінде, сол кездегі ауыл өмірінің қайғы-қасіретін ауылдың халін айқын көрсетті.
Оқушы:
Оның мына әндері мен өлеңдері
«Болмасын соғыс, болмасын!», «Қайдасыңдар, майдандастар!», «Көгершіндер маршы», «Соғыстың соңғы көктемі»  соның дәлелі.

                                           Менен сұра....
Оқушы:Мен соғысты көргенім жоқ
               Көргім де жоқ, көрмедім
               Соғыс ойынын ойнайтынмын
               Балалардың ермегі
               Қару алып, қан майданда
               Қас жауыма төнбедім
               Көрдім бірақ жесірлердің
               Жетімдердің еңіреуін
               Соғыс деген қайдан шықты?
               Авторы кім алғашқы
               Есіл Адам, есі кетіп
               Оған  несі жармасты
               Әділетті, әділетсіз
              Аты соғыс бәрібір
              Мен соғысқа бармадым,
              Мен соғыста болмадым,
              Менен сұра соғыстың,
             Тастап кеткен зардабын.
Мұғалім:
Менен сұра соғыстың
Тастап кеткен зардабын - деп ақын, соғыстың зардабы мен елдің басына түскен нәубет жылдарды жырға қосады.
   Ақынның өлеңінен байқайтынымыз, ол бейбітшілікті, тыныштықты  сүйді. Елін, халқын жанындай жақсы көрді. Ақын армандаған бейбітшілік пен тәуелсіздікке оның ұрпақтары мен халқы жеткеніне 20 жыл толып отыр. Санаулы 1-2 күннен соң еліміз ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойын тойлағалы отыр. Бейбіт еліміз, кең жазира ұлан байтақ жеріміз, сұлу да сәулетті Астанамыз, Елбасымыз бар қуатты мемлекетке айналдық.

5 слайд.(Астана, Елбасы, қазақ даласы, Бәйтерек, )
Оқушы:  «Тәуелсіздік-тұғырым»
              Қазақ елім бай елім байтақ елім
              Өткерген дүлей нәубат тағдыр желін
              20 жыл тәуелсіздік мерекеміз
              Құтты болсын ардақты  дарқан елім.
              20-жыл егеменді ел болғалы,
              20-жыл орындалған ел арманы
              20-жыл ақиқаттың ақ таңы атып,
              20-жыл тереземіз тең болғалы.

Қазақстан.
Оқушы:Жақсаттанды демессің сүйем десем,
                Табынатын тәңірім, ием де сен.
                Адам болып күн кешу қиын маған
                Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.
                Сен менің сүйегім мен қанымдасың
                Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
                Саған деген махаббат дамылдасын
                Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
                Қазақстан!
                Пай, пай, пай!
               Ардағым-ай
               Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
               Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт
               Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Оқушы: -Мұқағали туған жер туралы көптеген  өлең-жырлар жазды. Сол інжу-маржандай  «Саржайлау», «Туған жерге», «Қайран, Қарасазым-ай», «Құмдар, құмдар», «Күз секілді» өлеңдері осы тақырыпқа арналған.
Хор: «Саржайлау»

Оқушы:-Мұқағали музыканы жақсы түсінді және де өзі тамаша қоңыр даусымен халық әндерін төгілтіп тұрып айтқанда жүзі гүл жайнап, көзі от шашып тұрғандай әсерде қаласың.
  Мұқағалидың 30-шақты өлеңіне ән шығарғанын білеміз. Ол әндерді елімізге белгілі көптеген жеке әншілер мен топтар орындап жүр.
6 слайд.
Сөзжұмбақ  «Мұқағали»
1.«Қайран, Қарасазым-ай!»-әнін орындайтын әншінің аты.
2. «Бақытыңды жырлайды» әнін орындаушы дуэт.
3.«Құмған алған» әнін орындаушы топ.
4. «Жарығым-ай» әнін орындаушы топ.
5. «Саржайлау» әнін алғаш орындаған әншінің аты.
6. «Сенің көзің»әнін орындайтын белгілі топ.
7. «Дариға, домбырамды берші маған» атты әнді орындайтын қазақтың әнші қызы.
8. «Күрең күз» әнін орындаған атақты әнші.

            Р    А    М    А    З    А    Н               
                Н    Ұ    Р    М    Ұ    Қ    А    С    А    Н
                    Қ    О    Ң    Ы    Р               
                К    А    С    П    И    Й               
        Н    Ұ    Р    Ғ    А    Л    И                   
        М    Ұ    З    А    Р    Т                       
М    А    Қ    П    А    Л                               
        М    А    Д    И    Н    А                       

Оқушы:-Мұқағали әр күні, әр сағатта халықпен құшақтасып бірге жүрді, халықтан үйренді, халқын сүйді, оның әрбір сөзін алтынға бағалады.

                               «Үш бақытым»
Оқушы:-Ең бірінші бақытым халқым менің
                Саған берем ойымның алтын кенін
                Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
                Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Оқушы:-Ал екінші бақытым-тілім менің
                Тас жүректі тіліммен тілімдедім
                Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
                Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Оқушы:-Бақытым бар үшінші-Отан деген
                Құдай деген кім десе, Отан дер ем
                Оты  сөнген жалғанда жан барсың ба?
                Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.


                             Три счастья
Оқушы:-Первое счастье мое-это мой народ.
                Если он есть, значить, живу и я
                Ему отдаю стихов своих сотовый мед
                Дороже золота эта светлая радость моя.
Оқушы:-Второе счастье это родной язык
                Сердце гранитное словом я размягчил.
                Все потому что, народа я ученик
                Он меня правде и доброте научил
Оқушы:-Третье счастье мое-Родина мать
                 Кто-то за бога стоит, за Родину-я
                 Разве погасший очаг может вновь запылать?
                Друг, приходи, возьми огонь у меня.

Отан
Оқушы:-Отан!
                Отан!
                Сен болмасаң не етер ем?
                Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
                Өмірден бұл өксуменен кетер ем,
                Құс ұясыз
                Жыртқыш інсіз болмайды
                Отансыз жан өмірінде оңбайды
                Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Оқушы:-Родина!
                Родина!
                Как бы я без тебя жил?
               Я бы вечным скитальцем был
               Я бы горкие слезы лил
               Никого никогда не любил.
Оқушы:-Құс ұясыз
                Жыртқыш інсіз болмайды
                Отансыз жан өмірінде оңбайды.
                Өзін-өзі қорлайды да сорлайды
                Тірі адамға сол қайғы.
Оқушы:-Птиц без гнезд
                А зверей без нор не бывает
                Человек без Родины не выживает
                Сам себя со свету сживает.
                Для живого-смертная мука
                Для других-большая наука.
Оқушы:-Екі өмір жоқ,әрине жоқ екі өлім
                 Екі Отан жоқ
                 Жалғыз Отан мекенің.
Оқушы:-Родина одна
                Родники,родные,молоко,смородина
                Кто прислушивается к твоей песне?
                Родина!
                Только Родина!

Жапырақ жүрек жас қайың!
Оқушы:
Жапырақ жүрек, жас қайың!
Жанымды  айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң
Мен қайықң бола бастайын
Келісесің бе, жас қайың?
Көрінер мүмкін кімге ерсі
Өміріңді маған бір берші
Дүрбелең мына дүниені
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен да бағайын
Орманнан орын табайын
Беймәлім маған өмірге
Қайың  көзімен қарайын.
Сен дағы жерден нәр алдың,
Мен дағы жерден нәр алдым
Біреуден сен де жаралдың
Біреуден мен де  жаралдым
Тілің жоқ,жанды қайың сен,
Айырмашылығым-Адаммын.
Мендегі бары бір жүрек
Беріпті жүрек саған мың
Сондықтан ұзақ жасайсың
Құрдасы келер заманның
Бар жоғы менде бір жүрек
Ол өлсе мәңгі кеткенім
Сендегі семсе мың жүрек
Келгенде жасыл көктемің
Тірілер қайта дүркіреп
Жапырақ жүрек жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Адам боп жүрсең қасқайып
Қайың боп тұрам қасқайып
Тәуекел, айырбастайық!
Өмірге-өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып.
Бірде адам,бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып.
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Оқушы:    Березка с сердечками-листьями
Давай поменяемся жизнями
Я стану тысячалиственным
А ты будешь-с сердцем единственным
Мы договорились березка
Пусть это смешно и наивно
Но я предлагаю серъезно
Давай поменяемся жизнями
Увидишь мир смутный и грозный
Моими глазами пристальными
Березка с сердечками-листьями
Давай поменяемся местами
Я стану березою в чаще
Ты станешь поэтом редчайшим,
Меняемся, договорились
В толпе и в лесу растворились.
Оказывается все так просто
Так будем, меняется весь век
Я-то человек,то березка..

Оқушы:-Мұқағали жыр жазғанда ұлы ақын Абайды пір тұтқан,өлең жазуға отырғанда Абайдың кішкентай мүсінін алдына қойып қойған.

Оқушы:-Қуат алып Абайдың тіл күшінен
                Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
                Абай болып түңілем бір кісіден
                Өлмеу  үшін құлқынды жемдеу үшін
                Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін
                Жаздым
                Үлгі жастарға бермек үшін
                Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.

7 слайд.(Абай суреті)
Көрініс. «Анкета»
-Туған жеріңіз?
-Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың
-Туған жылыңыз?
-1931.Құрдасымын Шәмілдің
-Шыққан тегініз?
-Шаруамын
-Біліміңіз ше?
-Орташа ғой алайда  өзім жоғарыға балаймын
-Ана тіліңіз?
-Қазақша қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
-Қайда істедіңіз?
-Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал оқымаған, дипломсыз демесең бір басымнан бар мамандық табылар
-Міндеттісіз бе әскерге?
-Міндеттімін
Біздің әлі жас кеуде
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.

3- бөлім. «Жазылар естеліктер мен туралы.»
Оқушы:-Жазылар естеліктер мен туралы
                Біреулер жан еді дер өр тұлғалы
                Біреулер тұлпар еді дер ме мүмкін,
                Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.
-деп ақын өзі жырлағандай жарық дүниедегі аз ғұмырының мәңгілікке жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Ол туралы естеліктер жазылып жатыр, әлі де жазылады.

Мұғалім:- Анасы Нағиман Бапанқызының айтқан естелігін тыңдайық.

8 слайд. (Анасының суреті)
Оқушы:-Ойлағанда өзегім өртенеді, 45 жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын, атақты ақыны аталарын құдайақы туған шешесі мен де, өмірлік жары да, туған бауырлары да білгеміз жоқ. Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар. Енді, қарап отырсам, тыңдап отырсам Мұқағалиымды аспанға көтеріп, өзі өлген соң еліме танытқан талантты қуаты шығар. Бұған да тәуба, өз тірлігінде көрмеген құрмет пен қошеметті артында қалған біз отбасы, жары мен балалары, бауырлары болып көріп жатырмыз. Қайсыбірін айтайын, Алатаудай айбарымды ойласам, өзегім от болып жанады.
9 слайд.(Н.Тілендиев суреті)
Оқушы:-Нұрғиса Тілендиев: Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп екі ай емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа кеттім. Бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз»-депті.
Бұл  «Есіңе мені алғайсың» әні еді.
Ән: «Есіңе мені алғайсың»

10 слайд.(Т.Молдағалиев суреті)
Оқушы:-Тұманбай Молдағалиев. «Қазақ жырының аспанындағы аз ғана жұлдыздардың арасынан сенің жұлдызыңды біз оңай танушы едік. Сенің жұлдызың ең шұғылалы, ең мейірімді жұлдыз».
11 слайд.(Лашынның суреті)
Оқушы:-Жары Лашынның естелігі.
Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Жазып болғасын жайраңдап келіп, анамызға оқып беретін де, Лашын қалай болыпты? -деп күлетін.  Ол күз мезгілін айрықша ұнататын. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрғанда, түндерде қолынан қаламын тастамайтын. Көктемде сайрандадық, жасардық, күз нені жазатын мезгіл деп әзілдейтін.
12слайд.(Ұлы Жұлдыздың суреті)
Оқушы:-Мұқағали аға балаларды жанындай жақсы көретін. Қазіргі кезде әкесінің жасына жеткен ұлы-Жұлдыз әлі де әкелік махаббатты сағынады. Қазір ұлы Жұлдыз Алматы қаласында прокурор қызметін атқарады.
ответил от Saiynbek_pro
0 голосов
Оқушы: -Ұлы Жұлдыздың әкеге арнаған өлеңі
                  Тұршы,әке,жетер енді жатқаның....
                  Тұршы,әке,асқар тауым
                  Көп болды ғой жатқаның
                  Барайықшы туған жерге
                  Тамған жерге жас қаның
                  Тартайықшы құба жолмен
                  Көк мұнартқан тауларға
                  Қарасазын сағынатын
                  Сендей,сірә,жан бар ма?
                  Айғайтасқа қапталдатып
                  Жай асықпай шығайық
                  Сол биікке төңірекке
                  Барлай қарап тұрайық
                  Буырқанған от жырларды
                  Түйдек- түйдек шығаршы!
                  Мүлгіп тұрған Хантәңірі
                  Жан сырыңды ұғар шын
                  Жыр маржанды әрбір жанға
                  Тұмар етіп берейін.
                  Тұршы,әке,жетер енді жатқаның
                  Күтіп тұр ғой Қарасазың,аппағың.

                              -Мен Мұқағалидан не таптым?
-Мен Мұқағали поэзиясынан қазақ халқының өзін таптым.
-Мен Мұқағали поэзиясынан өмірге деген шексіз сезімге толы махаббат үнін таптым.
-Мен Мұқағали жырларынан қазағымның қасиетті қара өлеңінің құдіретін таптым.
-Ол-тылсым қасиетке ие ақын.
-Мұқағали поэзиясы талай жүрекке от берді, бозбаланың жыры, бойжеткеннің сыры болды.
-Мұқағали-поэзияның Хантәңірі.
-Ол-сыршыл ақын.
-Мұқағали-қара өлеңнің шебері.
-Ол-патриот ақын.
-Мұқағали-қайта өмірге келген ақын.
-Ол-ұстаз.
-Мұқағали-сатирик
-Мұқағали-драматург
-Мұқағали-публицист
-Мұқағали-журналист
-Мұқағали-жазушы
-Мұқағали-аудармашы
-Мұқағали-асқақ талант иесі
-Мұқағали-өте білімді
-Мұқағали-ұйымдастырғыш
-Мұқағали-тұла бойы тұнған мейірім
-Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен бірге, жырлары да мәңгілік, жасай бермек...

Қорытынды:-Ақын өзі  «Осы мен өлмейтін шығармын, сәл ғана дамылдап, орнымнан қайтадан тұрармын»-дейді.
Расында да,ол еңсесін көтеріп, қайта тұрды. Жыл сайын оның кештері, оқулары ұйымдастырылып жатады. Бұл шаралар жоғарыдан бұйрық келіп істеліп жатқан жоқ. Халық оны өзі ұйымдастырып жатыр. Мұқағали атында мектеп, көше, әдеби сыйлық, журнал т.б. бар. Мұқағали оқулары ылғи ұйымдастырылады. Онда белгілі ақындар мен қоса жас ақындар да Мұқағали жырларын жатқа оқиды.
Сондай бір кезекті аудандық «Мұқағали оқулары» байқауында біздің мектебіміздің биылғы түлегі, Әбжаппар Алтынхан ағаларың жүлделі.1-ші орынды жеңіп алған болатын.(Мадақтамасын көрсету)
-Осы жақсы оқуының арқасында ол биыл мектепті  «Алтын белгіге» бітіріп мектебіміздің,ауылдың мақтанышына айналды.Ол қазір Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне грантқа оқуға түсті.
  -  Міне, сендер де осылай жақсы оқып, ән-жырды, әдебиетті сүйіп өссеңдер, осы ағаларың сияқты болашақтарыңның жарқын болатынына мен сенемін.
-Міне, балалар. Сендер Мұқағали жайлы біраз мәлімет алдыңдар. Ақынға ғасыр ауысқан кезде «Ғасыр ақыны» атағы берілген еді. Мұқағалидың рухани қазынасын ұлт игілігіне асыратын ХХІ ғасырдың жастары сендерсіңдер. Мұқағали поэзиясы бір жылдың не бір айдың немесе бір сабақтың еншісі емес. Ол таусылмайтын қайнар бұлақ.
   

жары Лашын                  әкесі Сүлеймен    Қарасаз ауылы
                                         







                                
                                                 
анасы Нағиман      1931ж.9 ақпанда туған          әжесі Тиын


Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.    «Сыныптан тыс тәрбие».Әдістемелік журнал.2011 ж
2.    «Аққудың  қанатына жазылған жыр» кітабы
3.    «Аманат» кітабы
4.    Мұқағали. Шығармалары.
5.    «Аңыз адам»журналы.2011ж
6.    «Жүрек арызы»кітабы.2010ж
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ