Табиғат-ару...
Сол кезім екен тек алға мені сүйреген,
Өмірдің көбі күнделікті тірлік, күйбелең.
Жаныма сол кез ерекше ыстық жақындау,
Мендей жан бар ма, сүйініп тұрып, сүймеген?
Қиялым мені қайсар да етті, сүйретті,
Жүрекке ішкі тылсымнан талып үн жетті.
Сағыныш өрді жырларым мені жебеумен,
Жанымның мөлдір нөсерін сырлы селдетті.
Табиғат мені ерекше күйге түсірген,
Сұлулық сонда, рахат табар түсінген.
Ағаштар ару, шыршалар шырай танытар,
Аумай да қалған мүсіннен...
Ынтықпын тағы өмірге мәңгі ғашықпын!
Табиғат-ару, баруға ылғи асықпын!
Ол жақта менің жаным да әркез жай табар,
Шабытым шалқар тасыттым...
Табиғатымнан жауабымды жанға табамын,
Демеуші көрем, үмітті алға жағамын.
Мөлдіреп мені сағынышыңмен күте бер,
Айналып қайта соғамын...
03.11.2011жыл.