Жыр-демеу.
Жігітпін егілмеген,
Серілік сенімменен.
Жаным бір құлазиды,
Жаңбырдай төгілмеген.
Намысты қамшылардай,
Тәнімде аңшы бардай.
Беймәлім күйлер кештім,
Болмысым жаншылардай.
Арманым тұншығардай,
Алдымнан сұм шығардай.
Жаным да жараланды,
Көрінбес тамшылардай.
Өткенді ақтардым да,
Ойларға тапталдым да.
Бекіндім өкінбеске,
Жырлармен жатталдым да.
Өткен шақ күйретіліп,
Қазіргі күйде тынық.
Өзімді өзім демеп,
Келемін сүйретіліп...
Сеніммен қадам нықты,
Жолатпай надандықты.
Ең басты сақтау екен,
Аяулы адамдықты...
17.10.2011жыл.