Біле ме адам?
Біле ме адам бақытын?
Ең сәтті сәтін ұғынбас.
Ұрлатар көп жан уақытын,
Рухани кедей шынында аш.
Құйындай мынау әлемде,
Өмірмен жүрміз жарысып.
Адамдық шексіз көлемде,
Өзімізбен жүрміз танысып.
Ғажап қой өмір сезінсек,
Жақсылық күттік ертеңнен.
Адамзатты ойлап көз ілсек,
Жүземіз жарқын желкенмен.
Сағыныш күйде самғадық,
Ең жақын жандар жүректе.
Өмірді сүйдік,қанбадық,
Әрбір жан құштар тірекке.
Біле ме адам бақытын?
Ең сәтті сәтін ұғынбас.
Ұрлатар алтын уақытын,
Рухани кедей шынында аш.
11.02.2009жыл.