Сағыныш күйді сарғая күтіп,аңсадым.
Таң атты тағы бүгінге үміт мол сенім,
Көгінде көлбер,қып-қызыл шапақ еңсенің.
Бір рахат сезім бойымды менің тербетіп,
Ұғынтты өмір өлшемін.
Тап-таза ауа бойымды менің сергітті,
Тілекпен тартып,үмітін артып,ел күтті.
Жапырақтай болып,жүрегін жайған жұртым-ау,
Еліне қорған, сенімге кірген ер құтты!
Таң атты тағы арманға бізді жетелеп,
Самалы соқты анадай бізді мәпелеп.
Жұлдыздар өшіп,бұлттарды тесіп найзағай,
Жаңбыры құйды төпелеп.
Тап-таза ауа жанымды желпіп,тербетті,
Өзіңе деген сезімім өсіп,ер жетті.
Қайыңдай болып,иіле қалған халқым-ау,
Сенерім сенсің келбетті.
Сезініп таңның әдемі әппақ моншағын,
Бойымды таза иманды нұрмен қоршадым.
Көрікті болып,көкейде тұрды елесің,
Сағыныш күйді сарғая ойлап, аңсадым...
07.02.-10.02.2009жыл.