Әр жанға қамқор Алла бар!!!
Сұлулық тербеп сананы,
Сағыныш ұстар әлемді.
Қимастық сезім бағалы,
Сырластың сөзі дәлелді.
Достықтың туы биік-ті,
Күн-көңіл кетер жадырап.
Сүйгеніменен сүйікті,
Әр адам бейне жапырақ.
Сыйластық жанды жібіткен,
Елжіреп жүрміз елменен.
Әрбір күн тұрар үміттен,
Осы сәт қайта келмеген.
Дидарын аңсап әз жанның,
Қия алмай көзден жас тамар.
Күз болар соңы жазғы әннің,
Сағыныш қайта басталар.
Жақсылық күтер әрбір жан,
Жаутаңдай қарап алаңдар.
Үмітті үзбе тағдырдан,
Әржанға қамқор Алла бар!!!
05.12.2008жыл.