Жазылмай қалған ақ парақ...
Жүрегім толды жалынға,
Сезімім кетті отқа орап.
Кездестік бейне сағымда,
Жазылмай қалған ақ парақ.
Түсінбей кеткем өзімді,
Жүрегім неге алаңдар?
Еске алып сәби кезімді,
Балауса пәк күй қараңдар.
Мөлдіреп тұнған жанардан,
Үмітті көргем сөнбеген.
Қара шаш бүгін ағарған,
Қарттыққа көңіл көнбеген.
Кешегі өткен күн елес,
Ертеңді жүрміз біле алмай.
Тілектес күнде бірге емес,
Өзімізді жүрміз жиі алдай.
Көңілдің кілтін табар кім?
Сағыныш қайда тартады?
Дүрсілдеп жүрек соғар тым,
Мазалар ұят пен ар тағы.
26.11.2008жыл.