Сен мені кешір...
Сен мені кешір,сырымды қалай ақтарам,
Алыста қалған жандырып жанды жаққан ән.
Оранады екен сағыныш-сырдың отына,
Жалғыздау қалған шақта адам.
Сезімтал жүрек, көңілде күдік жүдеткен,
Алысты аңсап, жақынмен шаршап, күн өткен.
Сағынған жанды жүреміз күнде көре алмай,
Қымбат-ау өмір тілекпен.
Қиналған сәтін білдірмей намыс жетелеп,
Аялап арды қиынға барар төтелеп.
Қысқа ғұмырдың құрбаны болып құйындай,
Ұятын ойлап, парызын адам өтемек...
Маңызы бөлек кейбір күн бейне ғасырдай,
Жан біткен өмір сүрмес-ті сырын жасырмай.
Құпия болып қала береді дүние,
Қымбат қой өмір, бар сыры іште ашылмай.
Ертеңін елдің ойлайтын адам жаны ізгі,
Ұмытпас әркез обал мен сауап парызды.
Бүкіл әлемнің құпиясын ашқан ғұлама,
Жан сырыменен қалуыменен маңызды...
20.11.2008жыл.