Жалынға толы алтын күз...
Жанардан сездім сағыныш пенен үмітті,
Мөлдірей қалдың іштегі шықпай пәк сезім.
Өн бойың әсем жүректі жылы жібітті,
Қыздарға ғана берілген шыдам, нақ төзім.
Далада нөсер, жуынып жатыр тал шыбық,
Жаңбырмен бірге көңілді тербер күй ақты.
Сені ойлап тұрдым, өн бойым суға малшынып,
Уайымды жуар ақ жауын келген сияқты.
Тамшылар тиіп, бұталар басын изеді,
Сағынышымды түсініп сірә тұрғандай...
Жалынға толы бұл да бір алтын күз еді,
Көрінбей күн тұр ару боп бетін бұрғандай...
29.10.2008жыл.