Жыр дәптерім...
Жыр дәптерім жүз жылдан соң,
Қай жерлерде тұрасың?
Сенде менің бар тұлғам сол,
Тек өзіңнен сұрасын.
Сенен білсін арманымды,
Сезімімді селдеткен.
Ұйқысыз мың таңдарымды,
Сұлулыққа шөлдеткен.
Сенен білсін жай күйімді,
Сағынышпен сарғайған.
Кімдер ынтық, кім сүйінді?
Үміт бірге қартайған.
Өстік, өндік өнер өрде,
Өмір өткен күреспен.
Қиындық бар барлық жерде,
Тасты жерде гүл өскен.
Ұрпақтарым көрікті елмен,
Оқып жатса жиылып.
Қол бұлғармын әріптерден,
Мейірлене жымиып...
16.10.2008жыл.