Туған жер.
Мынау дала, жасыл тоғай мекенім,
Қадіріңе қалай,қашан жетемін?
Самал соғып жүрегіммен сезіндім,
Туған жердің махаббаты екенін.
Қарлығаштар төбемізде сайрады,
Гүл мекенін сүйгенінің айғағы.
Бөріжар-өзен көріктене көсіліп,
Ағысыменен сезім бойды жайлады.
Бөріжар,Қайнар ырыс құттың аймағы,
Ордабасы-ынтымақтың қаймағы.
Өзенімен тал қамысы күй төксе,
Үн қосады кеуіл,шеңгел сайдағы.
Жантақтары гүл ашқаны нұр құйып,
Адыраспан салмақтанып сыр түйіп.
Мұрын жарар киікоты жусанмен,
Кеуілменен қурай сырлас қылқиып.
Сезіндім де топырақтың жылуын,
Мүмкін емес жүрек бір сәт тынуың.
Көз алдымда мөлдіреді туған жер,
Көз алдымда елжіреді сұлуым...
02.07.2008жыл.