Ән: Аружан
Аружан ақылыңа көркің серік,
Талпындың даналыққа шындап берік.
Өнермен өршелене өрге өрлеуді,
Тіледім, тек биіктен көргім келіп...
Халықтың қасиеті мол мұрада!
Динаның қасиеті домбырада!
Фараби өсиеті күйтарада!
Өзіңмен жалғанады жаңғыра да!
Сұлулық, сүйкімділік күй боп ақсын!
Еліңді елжіретер сый бұлақсың!
Бақытың баянды боп өнеріңмен,
Әр таңың шаттық сыйлап, гүл боп атсын!
Ұстазың бағыт берді ертеңіңе,
Жыр қосты жақсылықтың желкеніне.
Болашақ өздеріңмен ғажап болар,
Айналар Қазақстан ертегіге!!!
Қанатың талмасыншы өнер өрде!
Еңбегіңмен жетесің нақ шеберге!
Аман бол, біліміңмен биіктей бер!
Әрдайым қуаныш бол өнерлі елге!!!
19.01.2013жыл.